Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.08.2026

Жарияланымдар · 11

Президент «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады

Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы және холдингті дамытудың негізгі бағыттары баяндалды.

17:11Мемлекет басшысының қызметі

2027 жылға дейін өңірлерде заманауи травматологиялық орталықтар құрылады

Қазақстанда жарақат алған пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2027 жылға дейін өңірлік травматологиялық орталықтар желісі құрылып, шокқа қарсы бөлімшелер жаңғыртылады, жедел медициналық көмекті күшейту және жарақаттанудың профилактикасы шараларын жетілдіру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

17:10Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салудың негізгі кезеңі аяқталды. Суасты кабелі Қазақстан жағалауына сәтті жеткізіліп, «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланыс сенімділігін арттырып, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:56Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 19,8 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жоспарлы пішен көлемінің шамамен 77%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:13Жаңалықтар

Қазақстанда колледждердің оқу-өндірістік қызметін дамыту мүмкіндіктері кеңейтілді

Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында Кәсіпкерлік кодекске енгізілді. Бұған дейін колледждер оқу-өндірістік процесс шеңберінде өндірілген өнімді өткізе алғанымен, мемлекеттік колледждер қызмет түрлерін кеңейту немесе өзгерту кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алуға міндетті болатын. Енді бұл әкімшілік кедергілер жойылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

14:43Президенттің тапсырмалары

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру салаларындағы жобаларды және әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:22Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған платформа іске қосылды

Қазақстанда әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған ұлттық аналитикалық платформа іске қосылды. Бұл – еліміздегі әйелдердің қаржы ресурстарына қолжетімділігіне жүйелі әрі ашық көзқарасты қамтамасыз ететін алғашқы цифрлық ресурс. Платформа Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бағдарламасы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленді, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

12:17Жаңалықтар

Қазақстанда адами капиталды дамытуға бағдарланған жаңа көші-қон саясаты кезең-кезеңімен іске асырылуда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығының сұранысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, көші-қон үдерістерін басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын кезең-кезеңімен іске асыруды жалғастыруда. Тұжырымдама көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты кешенді түрде дамытуды көздейді. Оның аясында экономиканы қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, ішкі еңбек нарығын қорғау және сұранысқа ие білікті мамандарды тарту бағытындағы шаралар өзара үйлестіріліп жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:50Президенттің тапсырмалары

Орман шаруашылықтары мен ұлттық парктерді заманауи техникамен жарақтандыруға 33 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін заманауи арнайы техникамен қамтамасыз етуге кәдеге жарату төлемдері есебінен 33,1 млрд теңге бағыттады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:19Президенттің тапсырмалары

«Формула-1 H2O»: Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі. Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

09:49Президенттің тапсырмалары

Ақтөбе облысындағы су құбыры желілерінің құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының заңсыз шетелге шығарылған активтерді қайтару және бұл қаражатты елдің дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыруды жалғастырып келеді. Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ жер асты сулары кен орнынан топтық су құбырын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:15Президенттің тапсырмалары