Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.08.2026

Жарияланымдар · 11

Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін толықтырып жатыр

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген өнімдер «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендінің дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде білім беру, экологиялық қауіпсіздік, агроөнеркәсіп, тағам өндірісі және құрылыс салаларында қолданылып жүрген отандық технологиялар ғылыми қызмет нәтижелерінің экономикаға енгізіліп жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

18:00Президенттің тапсырмалары

Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда операциядан кейінгі жаңа туған нәрестелер өлімі үш есе азайды

Елімізде соңғы бес жылдың ішінде неонаталдық хирургияның қарқынды дамуының нәтижесінде күрделі операциялардан кейінгі нәрестелердің 90%-дан астамы сәтті емделуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:58Жаңалықтар

Ұлытау облысында Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасы туралы көшпелі көрме ашылды

Ұлытау облысында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозиция Күлтөбе қалашығының археологиялық мұрасын және Ұлы даладағы қала мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін таныстырады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:17Президенттің тапсырмалары

Астанада 150-ге тарта жас суретші Абай Құнанбайұлының портретін бір мезетте салды

10 тамыз – Абай күніне орай Астанада ұлы ақынның әдеби-рухани мұрасын насихаттауға арналған онкүндік іс-шаралар бастау алды. Соның аясында «Абай әлемі балалар көзімен» атты қалалық көркемсурет акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

15:29Президенттің тапсырмалары

2026 жылғы шілдеде Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер тарапынан 141,2 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

14:51Жаңалықтар

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті. Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

12:28Президенттің тапсырмалары

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда. Бүгін өңірде әдеттегідей «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын таңмен таласа тазалық жұмысына атсалысты. Игі шарада азаматтар қоршаған ортаға қамқорлық пен жауапкершілік сезімінің үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

11:39Президенттің тапсырмалары

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

2026 жылдың басынан бері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің әлеуметтік инспекторлары кедергісіз орта қалыптастыруға қатысты заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында 609 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 205-і жоспардан тыс, 291-і профилактикалық бақылау аясында, ал 113-і прокуратураның талабы бойынша өткізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:40Президенттің тапсырмалары

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

Технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығы талаптарының өзгеруі және жасанды интеллектінің өмірдің барлық саласына кеңінен енуіне байланысты білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс 2025 жылдың қыркүйегінен бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:01Президенттің тапсырмалары

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

09:23Президенттің тапсырмалары

Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жөніндегі тапсырмаларын, оның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асыруды жалғастыруда. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын реконструкциялауды аяқтауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:06Президенттің тапсырмалары