Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

07.08.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

20:03Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады

18:47Мемлекет басшысының қызметі

12 өңірде 1 850 төсек-орынды қамтитын оңалту орталықтарын салу бойынша ауқымды жоба іске асырылуда

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсететін заманауи оңалту орталықтарының желісі кеңейіп келеді. Мұндай инфрақұрылымды дамыту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

15:57Президенттің тапсырмалары

XXI ғасырдағы Абай мұрасының өзектілігі

АҢДАТПА!

15:31Баспасөз хабарламалары

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:19Президенттің тапсырмалары

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров ЕҮАК-ке мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесу өткізді. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы ықыласы мен ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:41Президенттің тапсырмалары

Қазақстан халықаралық білім және ғылым орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтып жатыр

Жаһандық технологиялық трансформация жағдайында білім, инновациялар және адами капитал экономикалық өсім мен орнықты дамудың басты ресурсына айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан ғылым мен жоғары білімді экономиканы жаңғыртудың, технологиялық прогресті жеделдетудің және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі ретінде қарастырып, оларды дамытудың жаңа моделін дәйекті түрде қалыптастырады, деп хабарлайды ҚР Ғылым мен жоғары білім министрлігі.

12:03Президенттің тапсырмалары

Астанада «Таза Қазақстан» жобасын қолдауға бағытталған Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті

Астанада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын грант аясында Eco Future Lab экологиялық хакатоны өтті. Хакатонға Астана қаласындағы мектептер мен колледждердің 14 пен 17 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

11:28Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда 2027-2040 жылдарға арналған Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, сараптамалық талқылаулар жүргізілді және мемлекеттік органдар мен сала мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, ескертулер пысықталды. Алдағы кезеңде тұжырымдама жобасын жариялап, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

11:06Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде

Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

10:19Президенттің тапсырмалары

Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге бөлінді

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Арнаулы мемлекеттік қордан Үкімет осы мақсаттарға 1,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:06Президенттің тапсырмалары