Күн жаңалықтары
10.08.2026
Жарияланымдар · 17
Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Ваучерлік қаржыландыру пилоты балабақша кезегінің қысқаруына ықпал етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың жаңа механизмін әзірледі. Бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы, мемлекеттік тапсырыстың нақты бір мектепке дейінгі ұйымға бекітілуі және қаржыландырудың нақты қажеттілікке сай бөлінбеуі бірқатар мәселені туындатты. Олардың қатарында жалған контингентті тіркеу, балабақшалар арасындағы бәсекелестіктің шектелуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды
Қазақстанда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында өңірлерде тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларымен қамтылған алқап көлемі артып, заманауи әрі қолжетімді суару жүйелері енгізілуде. Жетісу облысында соңғы төрт жылда заманауи суару технологияларымен қамтылған жер көлемі 4,6 есеге, яғни 34 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі таңда аталған технологиялар 43,1 мың гектар алқапта қолданылып отыр. Бұл өңірдегі суармалы жерлердің 20,5%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жыл басынан бері Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 99,5 мың қазақстандық Skills Enbek кәсіби оқыту платформасында онлайн курстарды сәтті аяқтап, сертификат алды. Платформа жұмысын бастағалы бері 1,3 миллионнан астам адам тіркелген. Тек биылдың өзінде оқуға 143,4 мың адам қосылды. Ал платформада берілген сертификаттардың жалпы саны 1,29 миллионға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қайрат Дәуітов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды
Абай академиясы 94 ғылыми монографияны жарыққа шығарды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Абай академиясы 2019 жылы Президент Жарлығымен құрылды. Осы уақыт аралығында 94 ғылыми монография жарық көрді. Еңбектерге ЕҰУ ғалымдарымен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі абайтанушы зерттеушілердің де еңбектері енген. Бұл туралы ОКҚ алаңында ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ақтанова айтты.
Сарапшылар: Абайдың шығармашылығы қоғам үшін әлі күнге дейін өзекті
Абай Құнанбаевтың идеяларын айтқанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Қазір бұл идеяларының қаншалықты өзекті екені жиі талқыға салынады. Абай сынды тұлғалардың ойы, өлеңдері, қара сөздерінде айтқан тұжырымдамалары әр заман үшін өзекті. Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Тамыз ҰБТ-сы басталды
Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Өткізудің бірінші күні 6,7 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтіп жатыр. Биыл ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды. Абайдың шығармашылық және философиялық мұрасы ұлттық мәдениетімізден айрықша орын алған. Ақынның шығармалары мен тағылымды ойлары әдебиет пен музыкада, театр сахнасында, музей ісі мен білім саласында кеңінен насихатталып, халқымыздың рухани қазынасына айналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті
Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде. 2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
12 тамыз – Халықаралық Жастар күні: қолдау, жаңа мүмкіндіктер және жастар бастамалары
АҢДАТПА!
Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді
Қызылордада іске қосылған қуаты 240 МВт жаңа бу-газ қондырғысы Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосқан үлесін ұлғайтуда. Станция іске қосылғаннан бері шамамен 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Абай мұрасы: заманауи ғылыми зерттеулер ұлы ойшыл мұрасының жаңа қырларын ашады
Абайдың бай рухани мұрасын сақтау, жан-жақты зерделеу және кеңінен дәріптеу – мемлекеттік ғылыми саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Абайдың өмірі, шығармашылығы, философиялық көзқарастары мен тілдік мұрасын зерттеуге арналған іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларға жүйелі қолдау көрсетіліп келеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
Отандық тауар өндірушілерді қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет ішкі өндірісті дамытуға, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, қазақстандық қамту үлесін арттыруға және ел ішінде орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда Абай күні атап өтілуде
Жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған Абай күні аталып өтеді.