Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.08.2026

Жарияланымдар · 12

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі бағыттардың бірі – газ желілеріне қосылу рәсімдерін онлайн форматқа көшіру, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

17:12Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

16:30Мемлекет басшысының қызметі

Е.Кочетов: елімізде жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік мол

Мемлекет ғылым, мәдениет, шығармашылық, қоғамдық қызмет және жаңа индустриялар бағытында жастардың қабілеті мен бастамаларын қолдауға басымдық беріп отыр. ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың мәлімдеуінше, қазір елімізде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы және жастарды қолдаудың басқа да тетіктері бар. Биылдың өзінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 2 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға көп. Үздік отыз жобаға 3 млн теңгеден грант беріледі. Бұны ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:10Жаңалықтар

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 7 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

Соңғы жылдары Қазақстанда білім мен ғылымға салынатын инвестиция көлемі бес есеге, ал білім беру жүйесінің бюджеті үш есеге артты. Студенттердің шәкіртақы мөлшері екі есеге ұлғайып, білім беру гранттарының саны бір жарым есеге өсті. Сонымен қатар студенттер жатақханаларының инфрақұрылымы да жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Қазақстандық жастардың 82,7%-ы болашаққа оптимизммен қарайды – ҚР Мәдениет министрлігі

12 тамызда бүкіл әлемде Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Бүгінде басты міндет – жастардың өз күш-жігерін, білімін және ұмтылысын дәл осы Қазақстанда жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдай жасау. Соңғы жылдары бұл бағытта жастар саясатының жүйесі едәуір жаңартылды. Жастардың жоғарғы жас шегін 35 жасқа дейін ұлғайту мемлекеттік қолдаумен қамту аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазір мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

12 тамыз – Халықаралық Жастар күні: қолдау, жаңа мүмкіндіктер және жастар бастамалары

14:30Фотобанк

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: жұмыс адамды өзі табады

Қазақстанда жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі енгізілуде, мақсаты – жұмыспен қамтуды проактивті қамтамасыз етуге көшу, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

11:06Президенттің тапсырмалары

ХҚКО-лар кезексіз жұмыс істейтін AI қызмет көрсету офисіне айналдырылады

Соңғы жылдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына  барған азаматтар саны 30%-ға кеміді. Себебі ЭЦҚ рәсімдеу, көлікті алғаш тіркеу, жер учаскелеріне акт беру, жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспорт беру сияқты қызметтер алғаш рет онлайн қолжетімді болды. Осыған байланысты орталықтардың форматы толығымен өзгеруде. Енді олар кезексіз, ашық әрі жайлы кеңістікке трансформациялануда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

10:42Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар QazTech платформасымен жұмыс істейді

Президенттің жасанды интеллектіні енгізу және мемлекеттік қызметтер саласын қайта құру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда цифрлық өнімдерді әзірлеуге арналған бірыңғай орта – QazTech платформасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

10:33Президенттің тапсырмалары

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді. Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, Ұлттық экономика министрлігінің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:59Президенттің тапсырмалары

Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында деректерді онлайн режимде беретін 8 гидротехникалық нысанға су деңгейі мен су шығынын өлшейтін 11 датчик орнату көзделген. Бұл суды дәлірек есепке алуға және қолмен өлшеу қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:26Президенттің тапсырмалары