Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.08.2026

Жарияланымдар · 11

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол вокзалдарын жаңарту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы жұмыстар аясында Түркістан облысындағы «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

17:33Президенттің тапсырмалары

Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өз мәресіне жетті

Бүгін, 12 тамыз – Каспий күніне орай Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға сегіз елдің делегациялары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, волонтерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігі.

17:10Президенттің тапсырмалары

Жамбыл облысы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

16:11Президенттің тапсырмалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті.

15:04Мемлекет басшысының қызметі

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың құрылысы басталды. Жоба қаланың энергетикалық қуатын арттырып, Шығыс Қазақстан облысының жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

14:42Президенттің тапсырмалары

Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. «Alpecon Group» компаниясы кәсіпорынды жаңғыртып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге арналған заманауи өндіріс орындарын құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:54Президенттің тапсырмалары

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Жыл сайын 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізінің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл теңіз ортасын бірлесіп қорғаудың негізін қалаған Тегеран конвенциясының күшіне енуімен байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Каспий өңіріндегі басқа мемлекеттермен бірлесе өзгерістерге бейімделу және Каспийдің табиғи байлығын сақтау жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталған Мемлекетаралық бағдарламамен жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:59Президенттің тапсырмалары

ҚР ДСМ: жарты жылда 2,3 млн-нан астам қазақстандық онкоскринингтен өтті

Онкологиялық ауру ерте кезеңде ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан денсаулық жағдайының нашарлауын күтпей, скринингтен уақытылы өту маңызды. 2026 жылдың алғашқы алты айында мұндай тексеруден 2,3 млн-нан астам қазақстандық өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

10:28Президенттің тапсырмалары

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:48Президенттің тапсырмалары

Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын құру тұжырымдамасы таныстырылды. Пилоттық жоба «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:18Президенттің тапсырмалары

Бүгін Халықаралық жастар күні атап өтіледі

1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 12 тамыз Халықаралық жастар күні болып белгіленді.

08:56Жаңалықтар