Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.08.2026

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады

19:01Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

18:31Мемлекет басшысының қызметі

Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

Астанада «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырған «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті. 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстанның ұлттық қолөнер саласындағы 10 үздік шебер 8-20 жас аралығындағы 208 қатысушыға дәстүрлі қолөнердің технологиялары мен қыр-сырын үйретті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

18:17Президенттің тапсырмалары

Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы туралы есепті тыңдады.

17:59Мемлекет басшысының қызметі

Алматыда ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы өтті

Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горлов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Акбар Фатхи қатысты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:44Президенттің тапсырмалары

Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі

Астанада мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне аталған мәртебені беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

17:14Президенттің тапсырмалары

Су ресурстары және ирригация министрлігі: 2026 жылдың басынан бері көршілес мемлекеттермен 38 келіссөз жүргізілді

Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес мемлекеттермен 38 келіссөз өткізді. Оның 27-сі Орталық Азия елдерімен, 11-і ҚХР және Ресеймен жүргізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:14Президенттің тапсырмалары

Астанада спорт саласындағы реформалардың алғашқы нәтижелері қорытындыланды

Астанада Спорт күні қарсаңында «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясы өтіп жатыр. Пленарлық сессияларда саладағы ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

14:55Президенттің тапсырмалары

Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:27Президенттің тапсырмалары

Astana Hub QAIRU студенттеріне арналған Alem AI Talent Lab қолдау бағдарламасын іске қосады

Astana Hub жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды қолдауға және AI мамандарының жаңа буынын даярлауға бағытталған Qazaq AI Research University (QAIRU) студенттеріне арналған жаңа Alem AI Talent Lab қолдау бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

11:05Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда еңбек нарығы тұрақты дамып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Елімізде халықтың экономикалық белсенділігі артып келеді. Қазіргі таңда елдегі жұмыс күшінің саны 9 млн 838,1 мың адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 103 мыңнан астам адамға көп. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн 392 мың адамды құрады. Бұл еңбек нарығында жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:02Президенттің тапсырмалары

Коммуналдық секторды жаңғырту: өңірлерге нақты міндеттер қойылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағандыда «Энергетикалық мен коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық офисінің көшпелі отырысын өткізді. Өңірлердегі жобалардың орындалу қарқыны, конкурстық процедуралардың барысы мен қаржыландыру, сондай-ақ коммуналдық саланы цифрландыру мен есептеу құрылғыларын орнату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:18Президенттің тапсырмалары