Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

14.08.2026

Жарияланымдар · 10

Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды

Құрылыс материалдарын өндіру – ішкі нарықты, импортты алмастыруды және жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Оның дамуы ауқымды инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобалары үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асып отыр, бұл бағытта 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жаңа өндіріс орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

17:51Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналастыру жүйесіне қосылды – ЕХӘҚМ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында елімізді халықаралық еңбек тетіктеріне интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Соның нәтижесінде Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) – шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қатысушы елдердің қатарына енгізілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

16:58Президенттің тапсырмалары

Қостанайда Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:01Жаңалықтар

Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды

Алматы облысының Іле ауданында «Kusto Logistics» компаниясының ірі көлік-логистикалық орталығы іске қосылды. Мұнда жүктерді қабылдау, сақтау, өңдеу және тасымалдау қызметі атқарылады. 26,5 гектардан астам аумақта теміржол, контейнерлер алаңы, екі қойма, жүк тиеу-түсіру орындары, автомобиль логистикасы мен басқару орталығын біріктірген заманауи мультимодальды кешен құрылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

15:26Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Биылғы жиым-терім қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:37Президенттің тапсырмалары

Елордаға «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры аясында 330-дан астам оқушы келді

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы ұйымдастырған «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры жалғасып жатыр. Жаз басталғалы бері елордаға Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарынан 335 оқушы келіп үлгерді. Тамыз айының соңына дейін әлеуметтік тур аясында Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден астам баланың Астанаға келуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

12:03Президенттің тапсырмалары

Бірыңғай мемлекеттік стандарттар еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын сапа мен қауіпсіздіктің бірыңғай талаптары белгіленген. Олар көрсетілетін қызметті ұсынатындардың барлығына, олардың орналасқан өңіріне, меншік нысанына және қызмет алушылар санатына қарамастан қолданылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:02Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр

Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жұмыстары аясында білім беру үдерісінде және балалар мен жастармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға арналған «Су сандығы» оқу-әдістемелік ресурсын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:22Президенттің тапсырмалары

Президент Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

09:42Мемлекет басшысының қызметі

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Астанада заманауи мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:09Президенттің тапсырмалары