Күн жаңалықтары
16.08.2026
Жарияланымдар · 3
Мемлекет басшысы Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы енгізіледі
Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.
Бүгін елімізде Спорт күні атап өтіледі
Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Бұл – еліміздің көк туын халықаралық жарыстарда желбіретіп жүрген кәсіби спортшыларға ғана емес, спортты өмір салтына айналдырған барша азаматқа ортақ мереке.