Күн жаңалықтары
17.08.2026
Жарияланымдар · 12
Астанада өтетін 2026 жылғы күрес түрлерінен Әлем чемпионатына дайындық
АҢДАТПА!
Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде
ҚР Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail» ЖШС-нің еліміз аумағында заманауи жол бойындағы сервис нысандарының желісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобасын іске асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Инвестициялық жоба аясында 2029 жылдың соңына дейін жол бойында 60 заманауи сервис нысанын салу жоспарлануда. Олардың құрамына автожанармай құю және электр қуатымен зарядтау станциялары, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, TIR тұрақтары және қонақүйлер кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі
Бастауыш сыныптардағы бағалаудың жаңартылған тәсілін барлық білім беру ұйымдарында бірізді қолдану үшін педагогтерге орталықтандырылған әдістемелік қолдау көрсетіледі. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Бағалау орталығы бағалаудың бірыңғай талаптары мен тәртібін айқындайды. Бағалау орталығы педагогтерге әдістемелік ұсынымдар мен тапсырма үлгілерін ұсынады. Сондай-ақ оқушылардың оқу нәтижелерін зерделеп, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетеді. Бағалау нәтижелері ата-аналарға қолжетімді болады. Аралық бағалау нәтижелері электронды немесе қағаз журналда тіркеледі. ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Бастауыш сыныптарда барлық пән бойынша оқу нәтижесі бағаланады
Мектептердегі бастауыш сыныптардағы бағаланатын тапсырмалардың мазмұны жаңарады. Бағалау тапсырмалары баланың білімін тексерумен ғана шектелмейді. Олар білімді қолдануға, оқу жетістігін арттыруға және қажетті дағдыларды дамытуға бағытталады. Бұған дейін диктант, бақылау, шығарма, мазмұндама сияқты жазба жұмыстары формативтік бағалау шеңберінде алынып, оларға сабақтың 20-25 минуты ғана бөлінетін. Енді мұндай жұмыстар аралық бағалаудың негізгі нысандарының бірі ретінде өткізіліп, оларды орындауға толық сабақ уақыты, яғни 45 минуты беріледі. Бұл жайлы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында айтты.
Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді
Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі бастауыш білім беруді жетілдіруге ерекше басымдық беріп отыр. Басты мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, білім мазмұнының сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету және әр баланың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады. Бағалау тәсілін қайта қарауға ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады
29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST-2026» ұлттық шұбат фестивалі өтеді. Фестиваль Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерін анықтауға, дәстүрлі сусынды дәріптеуге және түйе шаруашылығы өнімдерін танымал етуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Энергетика министрлігі көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосты
Енді отын қозғалысын өндіру мен тиеуден бастап, өңірлерге жеткізу және халыққа сатуға дейінгі бүкіл тізбек бойынша бақылауға болады. Бұл ауытқуларды жедел анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және олардың көмір жеткізіліміне әсер етуіне дейін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Жетісу облысындағы мектеп құрылысына қайтарылған активтер қаражаты есебінен 5,5 млрд теңге бағытталды
Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысында жаңа жалпы білім беретін мектеп салуға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілдерінің өзгеруі туралы
АҢДАТПА!
Creative Aimaq аясында Жетісу облысының креаторлары 5 мың келушіге 16 млн теңгенің өнімін сатты
15-16 тамыз күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Жетісу облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді
Қазақстанда аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында 1:200 000 масштабындағы өңірлік зерттеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.