Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.08.2026

Жарияланымдар · 10

Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

19:30Мемлекет басшысының қызметі

Қостанай облысында жылына 16,6 мың тонна өнім өндіретін «Кондитерлік астана» кешені іске қосылды

Қостанай облысында тамақ өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:04Президенттің тапсырмалары

Астанада QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы өтті

Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai алаңында Қазақстан экономикасында гуманоидты робототехниканы, Embodied AI және Robotics & AI шешімдерін практикалық қолдану мәселелеріне арналған QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

16:42Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды

Жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталғаннан бері (2026 жылдың 1 мамырынан 17 тамызға дейін) республика бойынша теміржол көлігімен 19 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен бірдей деңгейде. Оның ішінде 17,8 млн тонна еліміздің жылу электр орталықтарын (ЖЭО) қамтамасыз етуге, тағы 1,2 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық секторға жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

15:58Жаңалықтар

Астанада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Астана қаласының Достық үйінде жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсетуге бағытталған республикалық «Мектепке жол» жобасы аясында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара барысында 50-ден астам балаға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табысталды. Сондай-ақ аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

15:15Президенттің тапсырмалары

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентіне тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

14:38Мемлекет басшысының қызметі

Биыл елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500 экологиялық іс-шара өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған қазақстандықтарды біріктіреді және біртіндеп қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетінің күнделікті бөлігі болып келеді. Бұл ауқымды іс-шаралар нақты нәтижелер береді: аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыс полигондарын жою және азаматтардың шағымдарын шешу, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

11:55Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

11:32Жаңалықтар

Үкіметте автожол саласын дамыту мәселелері қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автожол саласы мәселелері жөнінде кеңес өтті. Талқылауға Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылығы және мердігер ұйымының өкілдері қатысты. «Орталық – Батыс» жобасын іске асыру, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:06Президенттің тапсырмалары

Былтыр қазан айынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде теңізге түсетін су көлемінің тұрақты болуы қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:12Президенттің тапсырмалары