Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

20.08.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.

17:36Мемлекет басшысының қызметі

Жас ғалымдарға пәтер бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жас ғалымдарды қолдау, олардың кәсіби және әлеуметтік дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

17:06Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 72 теміржол вокзалын реконструкциялау аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын абаттандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 124 вокзалды реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:26Президенттің тапсырмалары

ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

16:00Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

15:12Мемлекет басшысының қызметі

ҚР Энергетика министрлігі: 77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда

2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Газ инфрақұрылымының сенімді жұмысы қысқы жүктемелер кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осы жұмыс аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

14:30Президенттің тапсырмалары

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына жыл басынан бері 614 мыңнан астам адам қатысты

Алматы облысында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сенбілікке облыс бойынша 25 мыңға жуық адам атсалысып, нәтижесінде 545 тонна қоқыс шығарылды, 302 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

12:41Президенттің тапсырмалары

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің алғашқы форумы басталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі бойынша Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы тұрақты алаң ретінде құрылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

12:02Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады.

11:00Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемі 7 есеге артты

Ел экономикасының тұрақты дамуында көлік-логистикалық саласының, оның ішінде, теміржол машиналарын жасау кешенінің маңызы ерекше. Кейінгі жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп, отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

10:58Президенттің тапсырмалары

«Күміс жас»: 50 жастан асқан 9 мыңнан астам адам жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды

Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері жобаға 9,2 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл биылғы жоспардың 92%-дан астамы орындалғанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:32Президенттің тапсырмалары

2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылмақ

2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, «МАЭК» ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, «Баскуат Энергопром» ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ «Kazakhmys Energy» ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:52Президенттің тапсырмалары

Ұлттық жобалар негізгі салалардағы нәтижелерді қамтамасыз етіп отыр - ҚР Үкіметі

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланың негізгі салаларын кең ауқымда жаңғырту туралы тапсырмаларын орындау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде «Келешек мектептері» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру аяқталды, «Қолжетімді интернет» пен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ «Көмір генерациясын дамыту» жаңа ұлттық жобасы басталуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:13Президенттің тапсырмалары