Күн жаңалықтары
23.08.2026
Жарияланымдар · 32
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары: Қазақстанда әр сайлаушының құқығы өте маңызды
Онлайн-марафон аясында өткен брифингте Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун сайлау учаскелерінің жақсы дайындалғанын, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.
Халықаралық байқаушы: сайлауда мүгедектігі бар жандарға барлық қолайлы жағдай жасалған
Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты ұйымдастырылған онлайн марафон аясындағы ОКҚ брифингіне Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев бірнеше дауыс беру учаскелерін аралап шыққанын айтты.
ТМД ПАА байқаушылары Құрылтай сайлауындағы сайлаушылар белсенділігінің жоғары екенін атап өтті
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар миссиясы Астана қаласында және шетелдегі 9 елде орналасқан 9 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр.
Сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр – ТҮРКПА миссиясының басшысы
Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местен бүгін Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай депутаттары сайлауын еліміз үшін тарихи оқиға деп бағалады.
ҚР ОСК: сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы
ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда жұмысымызға барлық қажетті жағдай жасалған
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) байқаушылары сайлау учаскелері ашылмай тұрып-ақ сайлау барысын бақылауға кірісті. Байқаушылар дауыс беруді ұйымдастыру тәртібімен, сайлаушылар үшін жасалған жағдайлармен және учаскелік комиссиялардың жұмысымен танысып жатыр.
«Қазақстан жастарына тәнтімін» – ТМД ПАА байқаушысы
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беру барысына қатысты өз әсерлерімен бөлісті. Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика Кеңесі төрағасының орынбасары, байқаушылар тобының үйлестірушісі Игорь Брилевич сайлауға дайындық пен оны ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті.
Біз барған барлық учаскеде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілген – ҰҚШҰ ПА байқаушылары
Халықаралық байқаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне қолғабыс көрсету орталығында ҰҚШҰ ПА байқаушылары таңертең бірнеше сайлау учаскесіне барғанын айтты.
ҚР ОСК: еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды, бұл тізімге енгізілген азаматтардың 17,96% -ы
ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бас Прокуратура: қазіргі уақытта дауыс беру құқықтық алаң шеңберінде өтуде
Бүгін – дауыс беру күні үгітке тыйым салынады. Толтырылған бюллетеньді фото – бейнежазбаға түсіруге және таратуға тыйым салынады. Бұл туралы онлайн-марафон аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Бас Прокурор Аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейсов хабарлады.
Қазақстанда учаскелер ашылып, дауыс беру басталы
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы.