Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.08.2026

Жарияланымдар · 19

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

21:22Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті.

19:23Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізді.

17:27Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 103 ирригация каналын автоматтандыру басталды

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 857 шақырым болатын, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтитын 103 ирригация каналын автоматтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

16:54Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

16:03Мемлекет басшысының қызметі

Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:26Президенттің тапсырмалары

Артур Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды

15:24Мемлекет басшысының қызметі

Дмитрий Малахов ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды

15:23Мемлекет басшысының қызметі

Ермек Сағымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды

15:22Мемлекет басшысының қызметі

Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды

15:19Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті.

15:00Мемлекет басшысының қызметі

Халықаралық сарапшы Құрылтай сайлауы туралы: қатысу деңгейі өте жоғары

Армян тұрақтылық және мемлекеттік басқару институтының басшысы Геворг Меликян Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Қазақстандағы сайлау процесіне қатысты өз пікірін білдірді.

13:35Жаңалықтар

«Адамдар дауыс беруге міндет болғандықтан емес, өздері қалағандықтан барды» – халықаралық сарапшы Құрылтай сайлауы туралы

KontrolerINFO басылымның Бас редакторы Анджей Казимерский (Польша) Құрылтай депутаттарының сайлауы барысына қатысты өз пікірін білдірді.

12:53Жаңалықтар

Сайлау ашық әрі ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті – ТМҰ байқаушылары

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) байқаушылары 2026 жылғы 20-24 тамыз аралығында Қазақстанда жұмыс істеді. ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конферецниясында миссия құрамына ТМҰ Хатшылығының, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің, соның ішінде Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиялары мен мемлекеттік органдарының өкілдері кіргенін атап өтті.

12:28Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы сәтті өтуімен құттықтады.

12:15Мемлекет басшысының қызметі

ТүркПА байқаушылары Құрылтай сайлауы туралы: бұл Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) ҚР Құрылтай депуттарының сайлауында халықаралық байқауы жүргізуді аяқтады.

11:43Жаңалықтар

ШЫҰ байқаушылары: миссия Құрылтай депутаттарының сайлауы ашық, сенімді әрі демократиялық принциптерге сай өткенін мәлімдеді

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық байқаушыларды шақыру Қазақстанның елдегі Құрылтай депутаттарының сайлауын барынша ашық әрі жария өткізуге ұмтылысын көрсететінін атап өтті.

11:05Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

09:54Мемлекет басшысының қызметі

Құрылтай сайлауы күні жүргізілген үш Exit poll нәтижелері жарияланды

00:58Жаңалықтар