Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.08.2026

Жарияланымдар · 12

Құрылтай сайлауының өтуіне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғашқы Құрылтай сайлауына байланысты шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.

21:23Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

21:11Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

21:07Мемлекет басшысының қызметі

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде мектеп инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда 1 млн-нан астам оқушы орнына арналған 1120 мектеп салынды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны мен оқушы орындарының тапшылығы төрт есе, ал апатты мектептер саны екі есе қысқарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

17:55Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президентін қабылдады

Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездесу өткізді.

15:51Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны 8% дейін артады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің заманауи техникаға қолжетімділігін арттыру бағытында нақты шаралар қабылданып жатыр. Осы ретте мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі – жеңілдікті лизинг. Биыл бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемі былтырғы 250 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

15:02Президенттің тапсырмалары

Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

12:49Президенттің тапсырмалары

ҚР ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады.

12:30Президенттің тапсырмалары

Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:50Президенттің тапсырмалары

2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

10:43Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда обырды ерте диагностикалау кеңейтілуде

Елімізде онкологиялық көмекті дамыту шеңберінде дәлдігі жоғары диагностиканың мүмкіндіктері кеңейтілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17,4 мың ПЭТ/КТ зерттеуі жүргізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

10:06Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

09:33Мемлекет басшысының қызметі