Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.08.2026

Жарияланымдар · 32

ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ

Құрылтай депутаттарын сайлау күні еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз еркін білдіруіне қажетті жағдайлар жасалды. Бұл туралы онлайн-телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

21:24Жаңалықтар

Бас прокуратура: дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті

Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай бұзушылықтар белгіленбеді. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

21:22Жаңалықтар

Еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды.

20:39Жаңалықтар

ҚР СІМ: 11 елде дауыс беру аяқталды

ҚР СІМ хабарлауынша, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады. 11 елде дауыс беру аяқталды.

19:10Жаңалықтар

ҚР ОСК: сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы

18:12Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар: сайлау азаматтардың сенімін қамтамасыз етеді

М.Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институты кеңесінің мүшесі, Орталық Азия бойынша сарапшы Ежи Оледзкий (Польша) Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Құрылтай сайлауы саяси ахуалды бір арнаға түсіріп, мемлекеттік басқару жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

18:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

17:46Мемлекет басшысының қызметі

Халықаралық сарапшылар Құрылтайдың маңызына тоқталды

Саяси шолушы, халықаралық қатынастар және Таяу Шығыс саясатының маманы Басель Аль-хадж Джасемнің (Нидерланд) айтуынша, Құрылтай сайлауының маңызы ерекше. Себебі Қазақстанның маңызы географиялық шекарасынан әлдеқайда асып түседі.

17:44Жаңалықтар

ТҮРКПА: Құрылтай сайлауы - Қазақстан үшін тарихи күн

ТҮРКПА Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отыр. Бұл туралы ұйымның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, миссия басшысы Осман Местен онлайн телемарафон барысындағы ОКҚ брифингінде айтты.

17:40Жаңалықтар

«Дауыс» байқаушылар коалициясы: Сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылауға 197 үкіметтік емес ұйым мен белсенділер қатысуда. Олар бір ай бойы ҚР сайлау туралы заңнамасын толық меңгеріп, халықаралық байқау стандарттарын зерделеді. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы 25 мыңға жуық маман дайындаған. Олар таңғы сағат 6.00-ден бастап ел қалалары, аудандары мен ауылдарында 9779 ашық сайлау учаскелерінде жұмыс атқарды. Бұл туралы «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов онлайн телемарафон аясында өткен ОКҚ брифингінде хабарлады.

17:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

17:14Мемлекет басшысының қызметі

Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы – Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам

Азия бойынша Италия институтының (ISIA) Бас хатшысы Доменико Палмиери (Италия) Қазақстандағы сайлауды бақылауға қатысу тәжірибесі жайлы айтты.

16:42Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

16:33Мемлекет басшысының қызметі

ҚР ОСК: сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы

16:14Жаңалықтар

ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: жастар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

ТМД бақылаушылар миссиясы Қазақстанның 14 өңірінде және шетелдегі сайлау учаскелерінің басым бөлігінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы миссия басшысы Игорь Петришенко Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

15:50Жаңалықтар

ТМҰ байқаушылары: Сайлау ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары 30 сайлау учаскесінде болды. Сайлау барысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық өтіп, дауыс беру құпиясы сақталуда. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев мәлімдеді.

15:38Жаңалықтар

ҚР ІІМ: Сайлау күні Қазақстандағы ахуал тұрақты

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау күні жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуына жол берілген жоқ. Бұл туралы онлайн-марафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

15:31Жаңалықтар

ҚР Бас прокуратурасы: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді

Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсовтің онлайн телемарафон барысында өткен ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, прокуратура органдарына ешқандай өтініштер түскен жоқ. Соттарға да талап-арыздар келіп түскен жоқ. Тек үгіт жүргізуге қатысты бір заң бұзушылық тіркелді.

15:29Жаңалықтар

Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысына қатысты пікір білдірді

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында дипломатиялық корпус өкілдері Құрылтай сайлауындағы дауыс беру барысына қатысты пікірлерін айтты.

14:56Жаңалықтар

ҚР ОСК: сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы

14:14Жаңалықтар