Күн жаңалықтары
27.08.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табысты өтуімен құттықтады.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
ҚР Үкіметі: МӘМС-те 4 млрд теңге негізсіз төлемдердің алды алынды, жекеменшік мектептерді қаржыландыруда 8 млрд теңге үнемделді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық құралдарды қолдана отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет қаржылық тәртіпті күшейтуге және негізсіз төлемдерді қысқартуға бағытталған бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алматыда Өңірлік травматология және ортопедия орталығы ашылды
№4 Қалалық клиникалық аурухана базасында ауыр жарақат алған және тірек-қимыл аппараты аурулары бар пациенттерге көмек көрсетуге арналған мамандандырылған орталық құрылды. Орталық шұғыл диагностикадан және жоғары технологиялық отадан бастап, қалпына келтіру мен медициналық оңалтуға дейінгі көмектің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Емдеу ТМККК және МӘМС аясында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы әуе қатынасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтті
Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатқа қол қою азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны нығайтып, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Зияткерлік меншік саласын цифрландыру
АҢДАТПА!
Кезекте тұрғандар ауылдық жерлердегі жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдай алады
Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы баспананы өздері таңдап, оны алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
2026–2027 оқу жылына дайындық туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысы Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.
Балаларға арналған шұбат: Жаңаөзенде Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылады
Қыркүйек айынан бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің оқушыларына түйе сүтінен дайындалатын дәстүрлі сусын – шұбат беріледі. Бұл – ұлттық сусынды мектеп оқушыларының тамақтану рационына жүйелі түрде енгізуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы жоба, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.
Ербол Адаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
Абай Алтай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды
Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды
Жаңа Бюджет кодексінен цифрлық экономикаға дейін: Президенттің тапсырмалары бойынша Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері
Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат саласындағы шаралар кешенін жүзеге асыруда. Негізгі міндеттер жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларында бекітілген, деп хабарлайды Primeminister.kz.