Күн жаңалықтары
28.08.2026
Жарияланымдар · 14
Норвегия Королі V Харальдтің қайтыс болуына орай көңіл айту жеделхаты
Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: келіп түскен бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа жатады
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде 5,5 млн гектар дәнді дақыл жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 35,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен шамамен екі есе жоғары. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер болған жағдайда, шаруалар қазірдің өзінде 7,7 млн тонна астық жинады. Өткен жылы бұл көрсеткіш осы кезеңде 3,9 млн тоннаны құраған болатын, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әділет министрлігі авторларды туындылары туралы мәліметтерді Бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге шақырды
Қазақстанда авторлық құқықтарды ұжымдық басқарудың негізгі процестері цифрлық форматқа көшірілді. Бірыңғай цифрлық платформаны құру және енгізу туындылардың пайдаланылуы, авторлар мен құқық иеленушілерге сыйақыны бөлу және төлеу туралы деректерді жүйелеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл рәсімдердің едәуір бөлігі қағаз түрінде жүргізілсе, жекелеген жағдайларда сыйақы қолма-қол төленген. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Зияткерлік меншік саласында сыйақы төлеу процесі кезең-кезеңімен автоматтандырылуда
Еліміздің жаңа Конституциясында алғаш рет зияткерлік меншік заңмен қорғалатыны туралы ереже бекітілді. Бұл норма Негізгі Заңда көзделген адамға бағдарланған тəсілге сəйкес келеді жəне мемлекеттің дамуындағы адамның зияткерлік жəне шығармашылық əлеуетінің артып келе жатқан маңызын көрсетеді. Бүгінде зияткерлік меншік жүйесін дамыту шығармашылыққа, инновацияларға жəне технологиялық дамуға жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл ретте құқықтық қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар құқықтарды іс жүзінде тиімді іске асыру да ерекше маңызға ие. ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі
ҚР ІІМ: Балалардың қауіпсіздігі тәртіп сақшыларының ерекше назарында
Жаңа оқу жылы аясында ішкі істер органдары балалардың қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Бұл жұмыс «үй – мектеп – үй» бағыты бойынша білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда және интернетте жүргізіледі. Оқу жылы басталған кезде көшеде балалар көбейеді. Мектеп маңында көлік қозғалысы да артады. 15-30 тамыз аралығында республика бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтеді. Негізгі мақсат құқық бұзушылықтардың алдын алу, түрлі оқиғаларға жол бермеу және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Білім беру ұйымдарының ғимараттары кенеттен тексеріледі
Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына, ғимараттардың, инженерлік коммуникациялардың, ас блоктары мен медициналық пунктілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, балалар болатын объектілерге мемлекеттік бақылау жүргізудің ерекше тәртібін көздейтін Заңға қол қойды. Ол 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Қазақстандық білім беру ұйымдарында балалар арасында тамақтан улану жағдайлары айтарлықтай азайды
Мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны азайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарланып отыр
Елімізде 763 колледж жұмыс істейді, онда 556 мың студент білім алуда. Техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға бағытталатын болады. ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Білім беру ұйымдарының барлығында жаңа тамақтану стандарты сақталуға тиіс – ҚР ДСМ
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның білім беру ұйымдарында балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануына қатысты заманауи ұсынымдар негізінде әзірленген жаңа тамақтану стандарты қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Балабақшаларға 1,1 млн ваучер берілді
Күшіне енген Жаңа Конституция адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп айқындады. Бүгінгі таңда елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 360 мың бала мектепалды даярлықтан өтті. 20 қалада және облыстардың 23 ауданында ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаны іске асыруда 1,1 млн ваучер берілді. Бұны ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады
Қазір еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алуда. Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданатын болады. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды. Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде Жаңа Конституция қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша кешенді жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруда. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары жаңа Конституция нормаларына сәйкес қайта қаралды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
2024 жылдан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шамамен 8,5 мың шақырымы орташа жөндеумен қамтылды
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеумен қамту көлемін кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2028 жылдың соңына дейін республикалық жол желісінің 10 мың шақырымын орташа жөндеумен қамту міндеті қойылған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстан дәрі-дәрмек өндірісін арттырып, медицинаны жаңғыртуға және цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беруде
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде: отандық дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі артып, өңірлердегі медициналық инфрақұрылым кеңейіп келеді, медицина кадрларының тапшылығы азайып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.