Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

31.08.2026

Жарияланымдар · 20

Мемлекет басшысы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

21:35Жаңалықтар

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

18:57Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті

ШЫҰ саммиті аясында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар мен алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының нәтижесі жөнінде әңгімеледі.

18:24Жаңалықтар

Гуанчжоудағы кітап көрмесінде Қазақстанның заманауи әдебиеті таныстырылды

Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 30-шы Оңтүстік Қытай кітап көрмесі аясында Қазақстанның заманауи әдебиетіне арналған арнайы сессия ұйымдастырылды. Кездесуде қазақ қаламгерлерінің шығармалары қытай оқырмандарына таныстырылып, қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен жаңа буын авторларының шығармашылығы сөз болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

17:35Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

17:12Жаңалықтар

Ринат Мұхаметқали ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

17:01Жаңалықтар

Қостанайда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

1974 жылы салынған вокзал ғимараты бүгінде жолаушылар инфрақұрылымының заманауи талаптарына толық сай келеді. Ғимараттың жалпы аумағы 7 412 шаршы метрден 8 483 шаршы метрге дейін ұлғайды. Нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған заманауи үш қабатты ғимаратқа айналды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

15:49Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

14:45Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды

14:06Жаңалықтар

Аида Балаева ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

14:05Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

13:02Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

13:01Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті.

12:21Жаңалықтар

Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты

ҚР Энергетика министрлігі ел экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында генерациялайтын қуаттарды арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Жетісу облысындағы «Текелі энергокешені» ЖШС-ін жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Пайдалануға қуаты 17 МВт болатын үш кәдеге жаратушы қазандық пен генераторы бар бу турбинасы енгізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:41Жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды

11:24Жаңалықтар

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды

11:21Жаңалықтар

Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

10:54Жаңалықтар

Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креаторлары 21 млн теңгенің өнімін сатты

2026 жылғы 29-30 тамызда Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

10:20Жаңалықтар

Құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең өңдеуге, жоғары технологиялық өндірістерге және қосылған құны жоғары өнім өндірісін локализациялауға ауысады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:22Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

09:11Жаңалықтар