Күн жаңалықтары
01.09.2026
Жарияланымдар · 13
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы «ШЫҰ плюс» форматында жалғасты.
Денсаулық сақтау министрлігі 23 ақпараттық жүйені бірыңғай цифрлық контурға интеграциялауды аяқтады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 23 бөлек мемлекеттік ақпараттық жүйе 7 цифрлық экожүйеге біріктірілді. Оның бесеуі бүгінде пайдалануға беріліп, жұмыс режимінде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты
2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен (2025 жылғы тамызда – 1%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
СҚО-да мүгедектігі бар балаларды оңалтуды бақылауға арналған цифрлық күнделік сынақтан өтеді
Солтүстік Қазақстан облысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Жоба барысында әр саланың мамандары тартылып, FSM Social цифрлық платформасы пайдаланылады. Жобаны Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы жүзеге асырады. Сынақ аясында 180 баланы қамту көзделген. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық бұзылыстары бар 160 бала бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қызылорда облысында құны 1 млрд теңге болатын күріш өңдеу зауыты іске қосылды
Өңірде орналасқан «Абзал и К» компаниясы заманауи автоматтандырылған күріш өңдеу зауытын ашты. Жаңа нысан осы саладағы өндіріс қуатын 2,5 есеге арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және күрішті өңдеу тиімділігін арттыруға ықпал етпек. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды
2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 62 мың оқушы орнына арналған 57 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуы қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтып, балалардың заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстанда ауыл мектептеріне арналған ұлттық ЖИ-білім беру платформасының пилоттық жобасы іске қосылды
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ауылдық шағын жинақты мектептердің білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектеп болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Өзбекстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады.
Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,7%-ға дейін артты
Қазақстанның 2026 жылға арналған экономикалық күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шикізатты терең өңдеу моделіне көшу бағытымен сипатталады. Президент тапсырмасы бойынша өңдеу секторы мен жоғары технологиялы өндірістерді дамытуға негізгі басымдық берілді. Бұл тәсіл шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығаруды кеңейту арқылы экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгін – Білім күні
Елімізде жыл сайын 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Жаңа оқу жылының басталуын білдіретін бұл күн білімге, жаңа мүмкіндіктер мен тың бастамаларға жол ашады.