Күн жаңалықтары
02.09.2026
Жарияланымдар · 10
Ермек Абдраманов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Ақтөбе облысында Жем станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Ақтөбе облысында 1905 жылы салынған Жем станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Қайта жаңғырту барысында вокзалдың бір қабатты ғимараты жаңартылып, оның ауданы 387,5-тен 421,2 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Қасбет, нысанның іші, инженерлік жүйелер мен инфрақұрылым элементтері жаңартылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Көксу қант зауытының өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін артады
Қазақстанда қант қызылшасын жинау науқанына және одан кейінгі өңдеу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы саладағы белгілі кәсіпорындардың бірі – Көксу қант зауытында жаңа өнімді қабылдауға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі
Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары энтомофагтарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен автоматтандырылған түрде тарату технологиясын әзірледі. BioDrop деп аталатын бұл технология жұмыс жүргізу уақытын 4–6 есеге қысқартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың биологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді
Өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларын арттыру мақсатында өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 2023–2025 жылдарға арналған көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі Кешенді жоспар іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Дәрілік заттарды цифрлық дербес есепке алу 2027 жылға қарай 2 млн астам пациентті қамтиды
Қазақстанда 2026 жылдан бастап дәрілік заттардың айналымының бірыңғай цифрлық контуры енгізілді: препаратты тіркеуден бастап оны нақты пациентке беруге дейінгі барлық кезең қамтылады. Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектерге қажеттілікті жекелендіріп жоспарлау және есепке алуға көшу негізінде 2026 жылға 1,9 млн нақты пациент, ал 2027 жылға 2,16 млн нақты пациент бойынша қажеттілік қалыптастырылды. Бұл кімге қандай препарат және қандай көлемде қажет екенін дәлірек анықтауға, сондай-ақ сатып алуды нақты қажеттілікке қарай жоспарлауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды
Қазақстан Үкіметі жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жүйесін жаңарту жұмыстарын жалғастырып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру аясындағы негізгі бағыттардың бірі – геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру, цифрлық құралдарды дамыту және минералды-шикізат базасын неғұрлым ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау, деп хабарлайды Primeminister.kz.