Күн жаңалықтары
07.09.2026
Жарияланымдар · 12
Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан елдің теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда 33 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда алғаш рет OpenAI компаниясының қатысуымен әлемдегі ең ірі «HackAlem AI» жасанды интеллект хакатоны өтеді
23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі – HackAlem AI өтеді. Хакатонның ресми серіктесі — OpenAI, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Жамбыл облысының креаторлары Астанада 15 млн теңгеден астам өнім сатты
5-6 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының «Асқақ рухты Әулиеата» атты креативті жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Әулиеата өңірінің шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті креаторлардың өнімдерін елорда жұртшылығына ұсынуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді
«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы - «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды
Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты
Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарды айқындады. Мемлекет басшысы нақты міндеттер белгіледі: өңірлер инфрақұрылымды дамытуға, ал орталық мемлекеттік органдар Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде танытуға, шетелдік туристер тартуға және заңнаманы жетілдіруге жауапты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары оқушылардың білім алатын жерінде жүргізілуде, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Еліміздің өңірлерінде білім беру және теміржол инфрақұрылымының жаңа нысандары ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу және мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.