Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.09.2026

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді.

19:27Жаңалықтар

Эльдар Толғанбаев ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды

18:25Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

16:15Жаңалықтар

Олжас Бектенов цифрландыру мен экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлау жүйесін қайта құруды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдер қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:49Жаңалықтар

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады

ҚР Көлік министрлігі әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Сингапур бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосады. Рейстер аптасына екі рет орындалады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:27Жаңалықтар

Маңғыстауда жаңа медициналық нысандар ашылды

Маңғыстау облысында тұрғындардың заманауи медициналық көмекке қолжетімділігі артып келеді. Өңірде 150 төсек-орынға арналған жаңа аурухана пайдалануға беріліп, ауылдық елді мекендерде төрт дәрігерлік амбулатория салынды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:43Жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1,9 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды

Қазақстанда еңбек нарығының өзгеруін және жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, кадрларды даярлаудың озық жүйесі қалыптасуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

12:05Жаңалықтар

Цифрлық экожүйе қазақстандықтарды кәсіптік оқыту, біліктілігін растау және жұмысқа орналастыру шараларын біріктіреді

Қазақстанда кәсіптік оқытуды, біліктілікті растауды, жұмысқа орналастыруды және адамның одан әрі дамуын біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастырылады. Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу рәсімдердің ашықтығын, кадрлық қажеттілікті болжаудың дәлдігін және еңбек нарығын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

11:16Жаңалықтар

Қазақстанда ТжКБ жүйесі экономиканың нақты сұранысына жауап беретін кадр даярлаудың жаңа моделіне көшірілуде

Қазақстанда техникалық және кәсіби білім беру жүйесін еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беретін жаңа модельге көшіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

10:37Жаңалықтар

Қазақстанда автомобиль жолдарындағы электр көліктерін қуаттандыру станцияларының желісі кеңейіп келеді

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

10:20Жаңалықтар

Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде іске қосылды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының жұмысын пилоттық режимде бастады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

09:50Жаңалықтар

Маңғыстауда 536 км электр желісіне күрделі жөндеу толық аяқталды

Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау аясында электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 536 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар толық көлемде орындалды – 536 км немесе 100%, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:30Жаңалықтар