Күн жаңалықтары
09.09.2026
Жарияланымдар · 13
Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады
Шығыс Қазақстан облысында заманауи балық өсіру және балық өнімдерін өңдеу өндірісін қамтитын кешенді инвестициялық жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды
Қарағанды облысында заманауи «ЖанаLAB» зертханалық-талдау кешені іске қосылды. Оның жобалық қуаты жылына 200 мыңға дейін сынама өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл ірі геологиялық барлау және тау-кен өндіру жобаларын қажетті талдау базасымен қамтамасыз етуге жол ашады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Қыркүйек айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілердің белсенділігі жоғары
Қыркүйек айының басынан бері Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілердің белсенділігі жоғары деңгейде сақталып отыр. Бүгінде платформада 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады.
Қазақстанда дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды, 13,5 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасуда. Диқандар ағымдағы маусымдағы егін жинау және ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтардың қатарына жатады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Өнеркәсіптегі энергияны тиімді пайдалану
АҢДАТПА!
Алматы облысында 18,1 млрд теңгеге жылыжай өндірісін дамыту жобасы қолға алынуда
Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын заманауи, толық өндірістік циклді жылыжай кешенін салуға арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба отандық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, оларды сақтау инфрақұрылымын дамытуға және ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамту деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Халықаралық волонтерлер жылы аясында 59 елде ұлттық науқандар өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) болып жарияланды. Қазақстан көтерген бұл бастама бүгінде әлем елдері мен халықаралық ұйымдар арасында кең қолдау тауып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті шешімі волонтерлікті Тұрақты даму мақсатына қол жеткізудің маңызды тетіктерінің бірі ретінде ілгерілетуге негіз болды. Бүгінде IVY 2026 аясында 59 елде ұлттық науқандар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Елімізде «қызыл аймақтағы» ЖЭО саны төрт есе қысқарды
Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, оның тозу деңгейін төмендету және негізгі нысандардың сенімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2024–2026 жылдар аралығында «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының (ЖЭО) саны 19-дан 5-ке дейін қысқарды. Сонымен қатар жылыту кезеңінде электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 32%-ға төмендеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
PISA-2025 нәтижелері қазақстандық мектептердің цифрлық дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті
ЭЫДҰ PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Қазақстанда зерттеу 2025 жылғы сәуір-мамыр айларында өткізіліп, оған еліміздің барлық өңіріндегі 643 білім беру ұйымынан 15 жастағы 22 680 білім алушы қатысты. Жалпы жаңа цикл 91 ел мен аумақты қамтып, оған 15 жастағы 760 мыңнан астам білім алушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Қазақстанның жолаушылар пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Жоба Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлшік министтрлігі.