Күн жаңалықтары
10.09.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесу өткізді. Жиынға Әзербайжан Республикасы Ішкі істер министрі Вилаят Эйвазов, Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрі Улан Ниязбеков, Түркия Республикасы Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчи, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қатысты.
Жыл басынан бері 218 мыңнан астам қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2026 жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 40,4 мың отбасыдан 218,2 мың адам алды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тағайындалған көмектің жалпы көлемі 23,1 млрд теңгені құрады. Биыл АӘК көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жылыту маусымына дайындық туралы
АҢДАТПА!
Өнеркәсіпте артық жылуды тиімді пайдалану жоспарлануда
«Еуразиялық топ» ЖШС (ERG) Энергетика департаментінің директоры Евгений Никитин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында компанияның энергия тиімділігін арттыру жобалары мен қайталама энергетикалық ресурстарды одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстары туралы айтып берді.
Энергия үнемдеу шаралары кәсіпорындарға шамамен 51 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді
Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың институционалдық негізі қалыптастырылды. Ол нормативтік-құқықтық реттеу мен мемлекеттік басқару тетіктерін қамтиды. Елдің стратегиялық құжаттарында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша нақты мақсаттар айқындалған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Бұл туралы «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
2029 жылға қарай Қазақстанда экономиканың энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету жоспарлануда
2022 жылы Қазақстанның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасы қосымша күшейтілді. Энергия аудитін жүргізудің жаңа тәсілдері енгізіліп, бармай-ақ жүргізілетін профилактикалық бақылау тетігі іске қосылды, бюджеттік секторды реттеу күшейтіліп, жергілікті атқарушы органдардың рөлі арттырылды. 2023 жылы Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және ресурстарды ұтымды пайдаланумен тікелей байланысты мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Сондықтан бүгінгі таңда міндет экономиканы қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар тұтынылған әрбір ресурс барынша тиімді пайдаланылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Олжас Бектенов Президенттің медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ отандық IT-компаниялардың өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Голан жоталарында қазақстандық саперлер 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды
Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттырады
2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 632 ұйым лицензия алды. Бүгінде мұндай қызметтермен 108 мыңға жуық адам қамтылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды
Қазақстанда вегетация кезеңі тұрақты өтіп жатыр. «Қазсушар» РМК-мен келісімшарт жасасқан барлық шаруа қожалықтары суармалы сумен уақытылы қамтамасыз етілді. Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал ауданындағы диқандар мақта жинауға кірісті, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді
Мемлекет басшысының автомобиль жолдары желісін дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында соңғы алты жылда Қазақстанда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді. Оның ішінде 12,5 мың шақырым республикалық маңызы бар және 18,5 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қамтылды. Ауқымды жұмыстар жол инфрақұрылымын жаңартумен қатар, жол жүру уақытын қысқартуға және өңірлердің көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.