Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.09.2026

Жарияланымдар · 16

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында кадрлық тағайындаулар жүргізді

19:11Жаңалықтар

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек

Әрбір шақыру науқаны әскерге шақыртудан бастап медициналық тексеруден өтуге дейін бірқатар кезеңді қамтиды. ҚР Қорғаныс министрлігі әрбір әскерге шақырылушы білуге тиіс негізгі мәселелерді түсіндірді: шақырту қағазы қалай беріледі, мәртебені қалай тексеруге болады, кімдерге кейінге қалдыру қарастырылған, сондай-ақ егер оқуда болсаңыз немесе шетелде жүрсеңіз және шақырту қағазын алғаннан кейін не істеу керек?

17:39Жаңалықтар

Еліміздің өңірлерінде теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Жамбыл, Ақмола және Атырау облыстарында төрт – Түрксіб, Есіл, Елтай және Исатай теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Қайта жаңартудың басты міндеті – теміржол вокзалдарын жолаушылар үшін ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді ету, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

17:16Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, ЖИ ассистенттер 2 млн-нан астам сұранысты өңдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым және адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және технологиялық өсімге жағдай жасау стратегиялық басымдықтар қатарында айқындалған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:14Жаңалықтар

ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігін еске салды

Жылу беру маусымында өрт шығу қаупін азайту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі профилактикалық шараларды алдын ала бастады. 15 тамыздан бастап елімізде Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық акциясы өтуде. Акция шеңберінде үйлерді аралау, нұсқама беру халыққа атаулы көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені өткізілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

15:00Жаңалықтар

Энергетикалық кәсіпорындардың дайындығын арнайы комиссиялар бағалайды

Елде отын дайындығы бойынша алдағы жылыту маусымына нақты жоспарлар қалыптастырылды. Қазіргі таңда энергия көздерінің қоймаларында 4,2 млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге қажеттілігі 7,5 млн тонна көлемінде айқындалды. Қажетті көлемдер бекітілген жоспар-кестеге сәйкес қамтамасыз етіледі. Көмірді уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында оның өндірушіден өңірге дейінгі қозғалысына тұрақты бақылау жүргізілуде. Осы бағытта барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Республикалық штаб өз жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Жаңалықтар

17 мың шақырым электр беру желілері мен 404 қосалқы станциясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Алдағы жылыту маусымына дайындық барысында тозығы жеткен жабдықтарды күрделі жөндеу бойынша ауқымды жоспарлар бекітіліп, тиісті шаралар қабылданды. Нысандардағы сапалы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуына Комитет және оның аумақтық департаменттері тұрақты мониторинг жүргізуде. Биыл электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына 384 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары. ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті.

14:21Жаңалықтар

Павлодарда мұз кешенін салуға 19,9 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда Павлодар қаласында көпфункционалды Мұз спорт сарайын салу жобасына 19,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:46Жаңалықтар

Жамбыл облысына екі заманауи жылжымалы медициналық кешен пайдалануға берілді

Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

11:27Жаңалықтар

Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

11:16Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

10:21Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.

10:06Жаңалықтар

Болат Сүгірбаев Малайзия мен Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды

09:22Жаңалықтар

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері тағайындалды

09:18Жаңалықтар

Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:06Жаңалықтар