Күн жаңалықтары
16.09.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші бизнес-саммитіне қатысушыларға ілтипат білдіріп, Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты жан-жақты дамыту ниетін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Елімізде суару маусымының аяқталуы туралы
АҢДАТПА!
Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.
Былтыр отандық кәсіпкерлерге Экспорттық-кредиттік агенттік желісі бойынша 653 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Қазақстандық бизнеске шетелдік нарықтарға шығуға айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, маркетинг, көрмелерге қатысу, сертификаттау рәсімдерінен өту, тасымалдау сынды шығындарының бір бөлігі өтеледі. Былтыр 100-ге жуық отандық өндірушінің экспортқа шығуына байланысты 6 млрд теңгеге тең шығындары өтелді. Бұл компаниялар алдағы екі жылда валюталық экспорттық түсімді кемінде 10%-ға арттыруға міндетті. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Биыл Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 19,5%-ға өсті
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар айналымы 144,7 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі 79,2 млрд АҚШ долларын, импорт 65,4 млрд АҚШ долларын құүрады. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында шикізаттық емес тауар айналымы 52,2 млрд долларға жетіп, 7,4%-ға артты. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 18,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға өсті. Нәтижесінде шикізаттық емес тауарлардың жалпы экспорттағы үлесі 36,5%-дан асты. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды
Сеулдің Ханган саябағында орналасқан этноауылда мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі мен мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметі құқықтық базаны жақсартуға септігін тигізіп отыр
Заңнама және құқықтық ақпарат институты іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіп, реттеуші саясаттың консультативтік құжаттары, заңдар және басқа да актілер жобаларын әзірлейді. Сонымен қатар мұнда түрлі ғылыми іс-шаралар, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы Комитеті ұсынған ғылыми журналдардың тізіміне кіретін ғылыми журнал шығарылады. Институт қызметкерлері тұрақты негізде мақалалар жазады, монографиялар, нұсқаулықтар, түсініктемелер де шығарады. ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова ОКҚ баспасөз конференциясында осылай деді.
Былтыр Заңнама және құқықтық ақпарат институты халыққа 95 мыңнан астам кеңес берді
Құқықтық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы құрамдас бөліктердің бірі – деректер базасын және ақпараттық-құқықтық жүйелерді жүргізу. Заңнама және құқықтық ақпарат институты осы бөлімде Нормативтік актілердің мемлекеттік тізілімін , Нормативтік актілердің эталондық бақылау банкін жүргізуге, сондай-ақ «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесі мен және «Заң» дерекқорының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты. ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі – бұл барлық заң, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары және басқа да актілер ескерілген басты цифрлық «есепке алу кітабы». Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Биыл Заңнама және құқықтық ақпарат институты нормативтік актілердің 2 528 жобасын талдады
Заңнама және құқықтық ақпарат институты Әділет министрлігінің ғылыми және сараптамалық мекеме, сондай-ақ ұлттық заң шығару саласындағы негізгі зияткерлік штабы болып табылады. Мекеме қызметінің басты бағыттары: мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу, құқықтық деректер базасын жүргізу, сондай-ақ азаматтарға құқықтық кеңес беру. Бұны ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметі туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметі туралы
Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Чо Чжон Шикке ілтипат білдіріп, оны Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері болып сайлануымен құттықтады.
Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Қазақстан халқына»: СҚО-да 20,7 млрд теңгеге 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында және Тайынша ауданының Теңдік ауылында Мәдениет үйлері, сондай-ақ Уәлиханов ауданының Бидайық ауылындағы әмбебап спорт кешені пайдалануға берілді. Қор аталған әлеуметтік нысандарды заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті техникамен, жиһазбен және инвентарьмен толық қамтамасыз етті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб жалпы құны $150 млрд-тан асатын 300-ден аса жоба бойынша инвесторлардың өзекті мәселелерін шешті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасына ірі инвестициялар тарту бойынша міндеттер қойды. Осы тапсырмаларды орындау үшін Үкімет инвесторларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою және жобаларды жүзеге асыру шараларын жеделдету құралы ретінде инвестициялық келісімдерді қолдану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.