Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

17.09.2026

Жарияланымдар · 7

ҚР АШМ: астық қабылдау кәсіпорындары 4,3 млн тонна астық қабылдады

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 24,2 млн гектар алқапқа егілді. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,6 млн гектарды қамтиды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

17:20Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

16:57Жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ Комитетіне балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі реформаларды таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамалары қаралды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:56Жаңалықтар

Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды іске қосу шеңберінде қойған міндеттеріне сәйкес, инвестиция тарту және оларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:40Жаңалықтар

Судың көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейтілді

Су ресурстары министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп қабылдаған «қара су нарығына» қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, алғаш рет «Қазсушар» РМК мен тұтынушылар арасындағы шарттық қатынастар цифрландырылды, қолма-қол есеп айырысу алынып тасталды, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып суармалы жерлерге ғарыштық мониторинг енгізілді, сондай-ақ жылдар бойы суды рұқсатсыз алып келген су пайдаланушылар көлеңкелі айналымнан шығарылды. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ баспасөз конференциясында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Биыл егіс алқаптарын суару үшін 11,1 млрд текше метрден астам су пайдаланылды

Ағымдағы вегетациялық кезеңге дайындық аясында болжамды су балансы ескеріле отырып, оңтүстік өңірлерде көшпелі кеңестер өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша су пайдалану лимиттері келісіліп, егіс алқаптарының құрылымы оңтайландырылды. Суды көп қажет ететін күріш дақылының егіс көлемі 21,6 мың гектарға, яғни 100,5 мың гектардан 78,9 мың гектарға дейін қысқартылды. Оның ішінде Қызылорда облысында – 10,7 мың гектарға, Алматы облысында – 3,2 мың гектарға, Түркістан облысында - 7,4 мың гектарға, Жетісу облысында – 0,3 мың гектарға азайтылды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім алушылардың мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға қатысты берген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:21Жаңалықтар