Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

18.09.2026

Жарияланымдар · 14

ОКҚ мен ҚХР Киберкеңістік әкімшілігінің өкілдері мемлекеттік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Қытай Халық Республикасының Киберкеңістік Әкімшілігі (CAC) арасында келіссөздер өтті.

18:44Жаңалықтар

«Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мыңнан астам оқушы мен студент жұмысқа орналасты

Қазақстанда екінші жыл қатарынан «Менің жазғы каникулым» жобасы іске асырылуда. Жоба жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің заңды әрі қауіпсіз еңбекпен қамтылуына қосымша мүмкіндік береді. Жобаның негізгі құралдарының бірі – Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы «Менің жазғы каникулым» арнайы бөлімі. Оның көмегімен оқушылар қолжетімді бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндемесін орналастырып, өздеріне қолайлы уақытша жұмысты өз бетінше таңдай алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

16:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді.

15:52Жаңалықтар

Қазақстанда «Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары өтуде

2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал еңбек» қағидаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында жүйелі түрде ілгерілетілуде. Ата-аналар жиналыстарында да осы құндылықтарға ерекше мән берілуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:45Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өткен жылдан 1,8 есеге төмен

Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз тіркелді. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ, сондай-ақ елде бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:15Жаңалықтар

Халықаралық  «VOICE OF TURAN – 2026» қазақ әндері фестивалі

АҢДАТПА!

14:34Баспасөз хабарламалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Астанада Тәуелсіздік сарайында сегіз елдің төтенше және өкілетті елшісінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

14:32Жаңалықтар

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Қазақстанда жасанды интеллектіні (ЖИ) жаппай меңгеру жүйесі қалыптасып келеді. Ол әртүрлі жастағы және кәсіби топтарды – мектеп оқушылары мен студенттерден бастап мемлекеттік қызметшілерге, мамандарға және технологиялармен енді ғана танысып келе жатқан азаматтарға дейін қамтиды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауларында берген тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде ЖИ-мен жұмыс істеудің базалық дағдыларын меңгеруге, оны оқу процесінде және кәсіби қызметте қолдануға, сондай-ақ өз технологиялық шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламалары, орталықтар мен цифрлық платформалар құрылуда. Сонымен қатар ЖИ саласында мамандандырылған даярлау жүйесі қалыптасып келеді. Ол студенттерді тереңдетіп оқытудан бастап ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға дейінгі бағыттарды қамтиды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:03Жаңалықтар

Қазақстан өңірлеріндегі кәсіпкерлерге сарапшылардың тегін кеңестері ұсынылды

Қазақстанда өңірлердегі кәсіпкерлерді қолдау бойынша бастама іске қосылуда. Бизнес, маркетинг, сату, қызмет көрсету, серіктестік, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект мәселелері бойынша сарапшының жеке консультациясын тегін ала алады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

11:56Жаңалықтар

Ақтөбе облысында желден өндірілетін электр қуаты артады

Ақтөбе облысында жел энергетикасын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 346 МВт құрайтын бес жел электр станциясы пайдалануға берілген. Ал алдағы жылдары тағы 400 МВт жаңа қуат іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

10:45Жаңалықтар

Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды

10:06Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды

10:04Жаңалықтар

Эльвира Азимова ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды

10:02Жаңалықтар

2029 жылға дейін «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде инвестициялық саясатты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылғы желтоқсанда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданып, «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Жаңа модель жеке және шетелдік капиталды тартуға, отандық өндірісті, инфрақұрылымды, технологияларды және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейін холдинг құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:02Жаңалықтар