Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

21.09.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

17:52Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:39Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16:06Жаңалықтар

Қуанышбек Үштаев ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

15:59Жаңалықтар

Қазақ әндері фестивалінде орындаушылардың туындыны халыққа жеткізе білуі бағаланады

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі саланы дамыту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Соның нәтижесінде әзірленген арнайы Жол картасы қабылданды. ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаповтың ОКҚ алаңында айтуынша, биыл бұл карта аясында 30-ға жуық іс-шара жоспарланған. Оның бірі - қазақ әндері фестивалі.

14:50Жаңалықтар

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan - 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Қазақ әндері фестивалі - қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ. Бұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ОКҚ брифингінде айтты.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.

14:36Жаңалықтар

Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігіне қатысты IASA аудиті басталады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетімен, Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен (ҚАӘ) және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесіп, екі жыл бойы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Аталған жұмыстар аясында 2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) Халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалау (IASA) жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

12:03Жаңалықтар

Сәтбаев университеті Қытайда ақпараттық инженерия мамандарын даярлай бастады

Қытайдың Циндао қаласында Сәтбаев университеті мен Qingdao University of Science and Technology (QUST) бірлесіп құрған Қытай-Қазақстан ақпараттық инженерия мектебінің ашылу рәсімі өтті. Жаңа мектепке алғашқы қабылдау кезінде 188 студент оқуға түсті. Оның 150-і бакалавриатқа, 38-і магистратураға қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

11:45Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі

Қазақстанда әйелдерге медициналық көмектің тұтас кешені мемлекет есебінен көрсетіледі. Бұл қызметтер әйелдердің репродуктивтік денсаулығының барлық маңызды кезеңдерін – отбасын жоспарлаудан бастап босанғаннан кейінгі қалпына келуге дейінгі кезеңді қамтиды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

11:00Жаңалықтар

Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артып, 700 мың гектардан асты

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жаңғыртып, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау шаралары кеңейтіліп, суару инфрақұрылымы жаңғыртылуда, сондай-ақ суару жүйелеріне қажетті жабдықтардың отандық өндірісі дамып келеді. Егіндік суға сұранысы жоғары әрі трансшекаралық су көздеріне тәуелді өңірлерге ерекше көңіл бөлінуде. Жүзеге асырылып жатқан шаралар шаруалардың суды тиімді пайдаланатын заманауи суару технологияларына көшуіне мүмкіндік беруде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:24Жаңалықтар

21 қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі

09:08Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

09:05Жаңалықтар