Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

22.09.2026

Жарияланымдар · 11

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.

16:48Жаңалықтар

Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі

1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

16:35Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

13:30Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.

12:35Жаңалықтар

Мемлекеттік активтерді проактивті басқару үшін жасанды интеллект пен Big Data e-Qazyna құралдары енгізіліп жатыр

Квазимемлекеттік сектор үшін келесі қадам – ұйымдарға бекітілген жылжымайтын және жылжымалы мүлікті есепке алуды барынша ішкі корпоративтік деңгейде автоматтандыру және оны e-Qazyna.kz платформасымен интеграциялау. Активтерді басқару мемлекет үшін, акционер ретінде, ашық әрі тиімді болуы тиіс. Бұл мүліктің сақталуын бақылауды күшейтіп, қаржы-шаруашылық қызмет пен негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (KPI) орындалуын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Бұны ОКҚ алаңында «Ақпараттық-есептеу орталығы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов айтты.

12:00Жаңалықтар

e-Qazyna.kz платформасы мемлекеттік мүлікті күтіп-ұстауға кететін шығынды азайтады

e-Qazyna.kz платформасының барлық міндеті мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруға бағытталған. Яғни мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін кірісті көбейтіп, оны күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту. Қазіргі негізгі міндет - мемлекеттік мүліктің бытыраңқы есебінен e-Qazyna.kz платформасының цифрлық кеңістігіндегі бірыңғай есепке көшу. Бұл көшу 2029 жылға дейінгі жол картасында көзделген. Бұл жайлы ОКҚ брифингінде «Ақпараттық-есептеу орталығы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

е-Qazyna.kz платформасының функционалы кеңейтіліп, жаңа цифрлық сервистер енгізілді

Елімізде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы цифрлық шешімдерді одан әрі дамытуға және жетілдіруге ерекше назар аударылады. Мәселен, «E-Qazyna» цифрлық платформасының 1998 жылдан бастап даму тарихы бар, ол цифрландырудың заманауи талаптарына сәйкес функционалдық мүмкіндіктерін жүйелі түрде жетілдіріп және кеңейтіп келеді. Бұны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков ОКҚ брифингінде айтты.

11:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

11:30Жаңалықтар

ІІМ-нің цифрлық шешімдері мен «ақылды жаяу жүргінші» жүйесі жол қауіпсіздігін арттыруда

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол қауіпсіздігі саласында цифрлық технологияларды қолдану нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

10:52Жаңалықтар

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда

Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.

10:27Жаңалықтар

Астана маңындағы ауылдың 730 абоненті газға қол жеткізді

Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:30Жаңалықтар