Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.09.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

18:59Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

13:48Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

13:29Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу барысында қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

11:53Жаңалықтар

Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды

11:46Жаңалықтар

Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға Азия ойындарының алтын жүлдесін сыйлады

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

10:09Жаңалықтар

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда Машина жасаушылар күні атап өтіледі

09:39Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

09:02Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Еңбек күнімен құттықтады

08:18Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда Еңбек күні

08:17Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

08:15Жаңалықтар