Күн жаңалықтары
28.09.2026
Жарияланымдар · 14
Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды
Жерасты суын зерттеу және игеру, Қазақстанның су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру
АҢДАТПА!
Құрылтай депутаты: «Кітап оқитын ұлт» – болашақтың адамы жайлы жоба
Технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда ақпаратты қабылдау ғана емес, оны талдай білу, шындықты жалғаннан ажырату, әртүрлі көзқарасты түсіну және білімді өз бетінше қалыптастыру маңызды. Сондықтан «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – кітап оқуды, ойлануды және үнемі білім алуды тұрақты әдетке айналдыру. Бұны ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Құрылтай депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді.
Еліміздің барлық өңірінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» марафоны бастау алды
Былтыр «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» марафоны пилоттық негізде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында жүзеге асқан. Оған 189 мыңнан астам адам қатысты. Бұны «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының шеңберінде 345 кітап іріктелді
«Жылдың 10 оқырманы» жобасы аясында саясат және зиялы қауым өкілдеріне арналған конкурстан тыс «Parasat» арнайы бағыты қарастырылған. Оның мақсаты – қоғамға ықпалы бар тұлғалардың жеке үлгісі арқылы кітап оқудың беделі мен құндылығын арттыру. «Parasat» бағытына Мәдениет және ақпарат министрі тіркелді. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген де жобаны қолдады. Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мо Ян арнайы бейнежазба жолдады. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.
«Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірінде жүзеге асады
Елімізде Президенттің тапсырмасына сәйкес кітап саласын заңнамалық реттеу жұмысы басталды. Салалық сарапшылармен талқылау нәтижесінде «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң жобасының жұмыс нұсқасы әзірленді. Онда кітапханаларды жаңғырту, кітап қорын толықтыру және кітап шығару ісін қолдау тетіктерін қарастыру көзделген. Бұны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Жылдың 10 үздік оқырманы»: кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған республикалық жобаның басталуы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары, спорттық және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Халық үшін препараттардың қолжетімділігі: дәрілердің 76%-ының шекті бағасы төмендеді
Қазақстанда дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастырудың жаңа тәсілдері мемлекеттік баға реттеуіне жататын дәрілік препараттардың едәуір бөлігінің құнына әсер етті. 2025 жылғы шекті бағаларды 2024 жылдың соңында бекітілген қолданыстағы бағалармен салыстырмалы талдау нәтижесі бойынша бағаның төмендеуі дәрілік заттардың 3 801 сауда атауын немесе жалпы санының 76%-ын қамтыды. Осы позициялар бойынша бағалар орта есеппен 26,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бақыт Нұрмұханов ҚР Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
825 мың тонна: Қазақстан авиаотын өндірісі бойынша жоспарды асыра орындамақ
Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.