Күн жаңалықтары
30.09.2026
Жарияланымдар · 19
Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі
Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Ландтагының Төрағасы Ильзе Айгнермен кездесті
Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады
Кездесуде Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Linde компаниясының отандық өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Linde – өндіріске қажетті газдар мен инжиниринг саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Компанияның технологиясы металлургия, тау-кен, химия, энергетика, денсаулық сақтау, электроника салаларында және жоғары технологиялық өндірістерде кеңінен қолданылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады
Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтпен кездесуден басталды.
Қазақстандықтар TazaQazBot арқылы 50 мың өтініш жолдады
Экология мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату үшін «TazaQazBot» Telegram-боты іске қосылды. Сервис «eGov Mobile» қосымшасында да қолжетімді. Ол қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты өтініштерді фото және бейнематериалдармен қоса, геолокацияны көрсете отырып жіберуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Цифрлық трансформация және жобалық басқару департаментінің директоры Данна Оразкалиева мәлімдеді.
ЖИ экология саласындағы заңбұзушылықтарды анықтауға көмектеседі
Қазақстанда экологиялық рұқсаттарды беру кезінде адам факторын болдырмау үшін «Сфера-Контроль» цифрлық жүйесі енгізілді. Ол табиғат пайдаланушының рұқсат құжаттарын алудан бастап есептілікті тапсыру және мемлекеттік экологиялық бақылауға дейінгі бүкіл қызмет циклін қамтиды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Цифрлық трансформация және жобалық басқару департаментінің директоры Данна Оразкалиева мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады
113 кәсіпорын МАЖ орнатуға міндетті
2021 жылы қағидада белгіленген критерийлерге сәйкес бірінші кезекте МАЖ орнатуға тиіс 91 кәсіпорын анықталған. Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау нәтижесінде МАЖ енгізуге міндетті кәсіпорындардың саны 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 113-ке дейін кеңейтілді. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Ірі кәсіпорындардың эмиссиялары үздіксіз бақыланады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату арқылы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссияларына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Ведомство мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату және оның деректерін «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Экологиялық кодекстің 184-бабының 3-тармағына сәйкес, I санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде негізгі стационарлық эмиссия көздеріне МАЖ орнатуға міндетті және МАЖ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен автоматтандырылған мониторингті жүргізу тәртібіне және Экологиялық кодекстің 186-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес орнатылады. Бұны ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде хабарлады.
Мемлекеттік экологиялық бақылауды, оның ішінде нақты уақыт режимінде АМЖ цифрландыру
Астанада тәулігіне 1000 пациент қабылдайтын заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда
Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухананың базасында заманауи қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы қазан айында аяқталады. Тәулігіне 850-1000 пациентке дейін қабылдауға есептелген жаңа нысан Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен салынуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Қазақстанның халықаралық маршруттық желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады. Осылайша, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстан 15,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады
Қазақстан әлемдік нарықта азық-түліктің сенімді жеткізушісі ретіндегі ұстанымын тұрақты түрде нығайтып келеді. 2025-2026 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық пен ұн экспорты астық баламасында 15,5 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.