Күн жаңалықтары
01.10.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады
Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады
Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ елімізде технология секторы мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті
Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды.
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балаларды үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізілуде
Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балалардың есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Бағдарламада қашықтан оңалту үшін цифрлық технологиялар қолданылады. Мультидисциплинарлық топ баланы сүйемелдеп, оның даму барысын тұрақты бақылап отырады. Негізгі мақсат жекелеген қысқа мерзімді курстармен шектелмей, баланы жыл бойы үздіксіз сүйемелдеу. Бұл ретте оның жеке қажеттіліктері мен даму қарқыны ескеріледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігі мен «Turan Wind Energy» ЖШС арасындағы қуаты 1000 МВт болатын жел электр стансасын және қуаты 300 МВт электр энергиясын жинақтау жүйесін салу бойынша Келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ғұмар Серғазин ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өтінім қабылдау басталады
Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жүйесінде қаржыландыруды ертерек бастау тетігіне кезең-кезеңімен көшіп келеді. Бұған дейін несие қаражатының басым бөлігі егіс жұмыстары кезеңінде берілетін. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер маусым басталғанға дейін бірнеше ай бұрын қаржыландырылып, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Мұндай тәсіл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 қарашада өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында берген тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Тапсырмада егіншілерді негізгі маусымдық жұмыстар басталғанға дейін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және егіс науқанына дайындық сапасын арттыру міндеті қойылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.