Күн жаңалықтары
02.10.2026
Жарияланымдар · 11
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты
Айдар Жарылғанов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.
«Үздік педагог – 2026»: конкурсқа 2 мыңнан астам педагог тіркелді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған педагог мәртебесін арттыру және ұстаздарды қолдау бағыты аясында елімізде мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін ынталандыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бірі - үздік тәжірибесімен және жоғары нәтижелерімен ерекшеленген ұстаздарды анықтауға бағытталған «Үздік педагог» республикалық конкурсы. Биыл конкурстың аудандық кезеңіне еліміз бойынша 2145 педагог тіркелді. Оның қорытындысы бойынша 939 қатысушы облыстық кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Айбек Оралбай – Азия ойындарының чемпионы
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау басталды: өңірлерге 2,1 млн доза жеткізіледі
Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Халықты тегін вакцинациялау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге кезең-кезеңімен жөнелтіле бастады. Вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге вакцинаны жеткізу 5 қазанға дейін жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан газдандыру деңгейін 80%-ға қалай жеткізуді жоспарлап отыр?
Қазақстан халқын газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу үшін Энергетика министрлігі магистральдық газ тасымалдау инфрақұрылымын, өңірлік желілерді және газ ресурстық базасын кешенді түрде дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.