Күн жаңалықтары
05.10.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жоспардан тыс жүргізіліп жатқан аудит туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Президентке елдегі криминогендік ахуал және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті.
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді
Абай облысында өңірдің табиғи әлеуетін – жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағыты белсенді жүргізілуде. Бүгінде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 7 жел электр станциясы – 129,7 МВт, 1 күн электр станциясы – 30 МВт, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Азамат Есқараев ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Азамат Хасенов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды
Айтқұрман Омарбеков ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды
Елімізде үш жыл ішінде 19,1 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделді
Кейінгі үш жылда еліміздің көлік-логистика жүйесі сапалы жаңа даму деңгейіне көтеріліп, өңірлердің өзара байланысын нығайтуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және халықтың мобильділігін жақсартуға берік негіз қалыптасты. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлік көлік байланысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ логистикалық бағыттарды дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Өткен аптада өңірлерде бірқатар нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіп әлеуетін арттыру, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар!
Қазақстанда 5 қазанда ең маңызды мерекелердің бірі – Мұғалім күні атап өтіледі.