Күн жаңалықтары
06.10.2026
Жарияланымдар · 10
Қазақстан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялады
Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты.
Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады
Президент Оман Сұлтанының сапары тарихи сипатқа ие екенін тілге тиек етіп, оның екіжақты байланыстарға шын мәнінде серпін беретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Келіссөз барысында Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына ілтипат танытып, оның Сұлтан ретінде Орталық Азияға алғаш рет сапармен келгенін атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Жасанды интеллектінің ОЭК-ке тигізетін экономикалық әсері жылына шамамен 23 млрд теңгені құрайды
Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект негізінде шешімдерді енгізудің экономикалық әсері шамамен 23 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарланып отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Digital Qazaqstan: цифрлық технологияларды қолданудың арқасында аукциондардан түсетін кіріс 7 есе артты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық тұрғыда трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған бағыттар бойынша 2028 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс көрсеткіштер айқындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді
Жыл сайын 6 қазанда Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі.