Күн жаңалықтары
07.10.2026
Жарияланымдар · 15
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді
Қазақстандағы инфляция жүйелі түрде бәсеңдеуін жалғастыруда. 2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады. Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.
Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты.
V Азия Пара ойындарына Қазақстан тарапынан 150 спортшы қатысады
18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия Пара ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстанда тауарларды цифрлық таңбалауды енгізу және кеңейту туралы
АҢДАТПА!
Татьяна Савельева ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Әскер Бейсенов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді
Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің халықаралық ықпалдастығын кеңейтіп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді, ал қазақстандық жоғары оқу орындары 24 елдің 131 университетімен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Соңғы 7 жылдың ішінде қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,3 трлн теңге бағытталды
Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу жүйесін жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және халық үшін емнің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2026 жылдың 9 айында теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға (9,61 млн тонна) көп. Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаны құрап, 14%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда жаңартылатын энергетика үлесі жыл басынан 7%-дан 8,5%-ға өсті
2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) өндірген электр энергиясының көлемі 7,8 млрд кВт·сағатты құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Президент Аралды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ серіктес елдермен бірлесіп, Каспий теңізін сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.