Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.10.2026

Жарияланымдар · 13

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

22:13Мемлекет басшысының қызметі

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:31Президенттің тапсырмалары

Түркістанда «кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады

Түркістанда кітапты бірге оқып, бірге талқылауға арналған жаңа әдеби алаң өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты әдеби кездесу өтті. Алғашқы кездесу – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» романына арналды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

16:37Президенттің тапсырмалары

Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:32Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

16:21Мемлекет басшысының қызметі

Цифрландыру – елдің қаржы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыты

АҢДАТПА!

16:10Баспасөз хабарламалары

Тауарларды таңбалау жүйесі өнімнің қозғалысын қадағалауға және заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді – ҚР Сауда министрлігі

Қазақстандағы тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі өнімнің қозғалысын бақылауға, нарықтағы ахуалды талдауға, тауар қалдықтарын қадағалауға және заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға арналған құралдардың бірі – Naqty Ónim мобильді қосымшасы. Бүгінде оны 55 мыңнан астам рет жүктеп, пайдаланушылар 2,3 миллионға жуық таңбалау кодын түпнұсқалығын тексерген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда міндетті түрде таңбаланатын тауарлар тізімі кеңейді

Елімізде тауар айналымының бірыңғай жүйесі қалыптасып келеді. Басты мақсат - сауда-саттықтың ашықтығын арттыру, көлеңкелі нарықты азайты, мемлекеттік реттеудің тиімділігін күшейту. Бұл жүйе цифрлық сәйкестендіру мен деректер алмасу арқылы тауардың өндірілген немесе импортталған сәтінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе темекі өнімдерін міндетті таңбалаудан бастау алды. Тізімге 2021 жылы аяқ киім, 2024 жылы дәрі-дәрмектер енгізілді. Биылдан бастап мотор майлары мен сыра өнімдері, биологиялық белсенді қоспалар таңбаланатын болды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап өтті.

14:24Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда үш жыл ішінде төрт аудандық ветеринариялық зертхана пайдалануға берілді

Қазақстанда аудандық ветеринариялық зертханалар желісі жүйелі дамып келеді. Соңғы үш жылда төрт нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Қарағанды облысында жаңадан ашылған аудандық ветеринариялық зертхана да бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:05Жаңалықтар

Степногорск қаласында сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңғыртылады

Степногорск қаласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту және сирек жер металдарын өңдеу мен бөлуге арналған жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 150 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Ол қолданыстағы өндірістік қуаттарды реконструкциялауды және сирек жер металдары карбонатын өндіретін жаңа өндірісті іске қосуды көздейді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

09:40Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды. Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған. 2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:20Президенттің тапсырмалары

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

08:59Президенттің тапсырмалары