Күн жаңалықтары
09.10.2026
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитін өткізу туралы өзекті бастаманы дер кезінде көтерген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке ризашылығын жеткізді. Мемлекет басшысы Каспий теңізінің аймақ халқы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бүгінгі кездесудің тарихи сипатын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Сонымен қатар жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты.
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
Қазақстанда бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын анықтау жүйесі енгізіліп жатыр
Қазақстанда бюджет процестеріне онлайн аудит жүргізуге бағытталған Smart Audit Qazaqstan жобасы жүзеге асып жатыр. Жүйе бюджет қаражатын жоспарлау мен мемлекеттік сатып алуларды өткізуден бастап, жобаларды іске асыру және қазынашылық төлемдерге дейінгі барлық кезеңде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жасанды интеллект Қазақстанда мемлекеттік мүлікті пайдалану тиімділігін бағалауға септігін тигізіп отыр
Қазақстанда цифрлық теңгені енгізу аясында жалпы сомасы 339 млрд теңгені құрайтын 20 пилоттық жоба іске асырылды. Жобалар инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығын қоса алғанда, түрлі салаларды қамтыды. Цифрлық теңгені енгізу жұмыстары ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Тиісті заң қабылданды, ал оны қолдану қағидалары бекіту сатысында. Пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша бұл тетік оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бағалар дерекқоры Қазақстанға шамамен 200 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді
Мемлекеттік қаржыны цифрландыру аясында бақылау-кассалық машиналардың деректерін қадағалауға және берілген чектерді қалалар, аудандар мен облыстар бөлінісінде талдауға мүмкіндік беретін цифрлық карта енгізіліп жатыр. Бұл мәліметтер бюджет шығыстарымен салыстырылып, өңірлердегі экономикалық теңгерімді бағалауға жол ашады. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Smart Data Finance жобасы Қазақстан экономикасына 322 млрд теңге пайда әкелді
Smart Data Finance жүйесі – сыртқы және ішкі дереккөздерден барлық салық төлеуші мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат жинақталатын мемлекеттік қаржы жүйесінің «миы». Платформа 80 дереккөзден алынған мәліметтерді біріктіріп, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер туралы қор қалыптастырады. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстанда жергілікті маңызы бар автожолдар желісін жаңарту жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары мыңдаған шақырым жол жөндеу және құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Негізгі назар елді мекендердің көлік қатынасын қамтамасыз ететін, аудандар арасындағы байланысты жақсартатын және негізгі көлік бағыттарына шығуды қамтамасыз ететін жол учаскелеріне аударылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.