Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.10.2026

Жарияланымдар · 15

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді.

19:49Мемлекет басшысының қызметі

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипптің бірлескен мәлімдемесі

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса мәртебелі Патшайым Матильда 2026 жылғы 11 – 14 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

17:41Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өтті.

17:06Мемлекет басшысының қызметі

Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті

Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

16:11Президенттің тапсырмалары

Тоғыз айда «Әлеумет» порталы арқылы 463 мыңнан астам қызмет көрсетілді

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну бойынша 463 205 қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

15:50Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.

15:26Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Ақордада өткен келіссөз барысында Президент Қазақстан мен Орталық Азияға тарихта тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Короліне және Патшайымына ілтипат білдірді.

14:58Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті.

13:47Мемлекет басшысының қызметі

Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды. Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

12:09Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді.

10:55Мемлекет басшысының қызметі

Еңбек министрлігі қызметтерінің 90%-дан астамы электронды форматта

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:32Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда кибералаяқтық саны 40%-ға азайды, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері тарапынан Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірлесіп киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың интеллектуалды жүйесін құру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда еліміздегі интернет-алаяқтықтың саны 40%-ға азайды, ал мұндай қылмыстардың ашылуы 29,9%-ға өсті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:50Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында көмір тасымалы үздіксіз жүзеге асырылуда

Елімізде 2026 жылдың 9 айында теміржол көлігімен көмір тасымалдау көлемі 77,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көп (2025 жылдың 9 айында – 76,6 млн тонна). Оның ішінде 25 млн тонна экспортқа жөнелтілсе, 51 млн тоннадан астамы ел ішінде тасымалданды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

09:33Жаңалықтар

Жаңа өндіріс орындары, жолдар мен тұрғын үйлер: бір аптада Қазақстан өңірлерінде қандай нысандар ашылды

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада бірнеше облыста жаңа өндіріс орындары іске қосылып, республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары аяқталды, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сонымен қатар спорт инфрақұрылымы кеңейтіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Президенттің тапсырмалары

Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді

Қазақстан ұлттық құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді. Байқауға әлемнің 185 елінен командалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:00Жаңалықтар