Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.10.2026

Жарияланымдар · 17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Alem.ai халықаралық орталығында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері бас қосқан іс-шара өтті. «Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері» тақырыбын арқау еткен жиын интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

20:07Мемлекет басшысының қызметі

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға музей экспозициясы, роботты техника аймағы және ЖИ-кинотеатр мүмкіндіктері таныстырылды.

20:05Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында Король Филипп пен Патшайым Матильдаға ілтипат білдірді. Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті.

20:04Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тоғыз айда 91,7 млрд кВт/сағатқа дейін өсті

Электр энергиясы тапшылығын төмендету үшін биыл шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуат көздерін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

17:40Президенттің тапсырмалары

Бельгиялықтардың Королі мен Патшайымы қазақ халқының ат баптау дәстүрімен танысты

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

17:00Мемлекет басшысының қызметі

2026 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 20 трлн теңгеден асып, 16,3%-ға өсті

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру қамтамасыз етілді, өңірлерге және экономиканың нақты секторына қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

15:39Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда бизнес субъектілерінің саны үштен бірге артты

Еліміздегі кәсіпкерлік қызмет оң динамиканы сақтауда, сондай-ақ сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге тұрақтылық көрсетуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

15:33Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады

Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп инфляцияны төмендету бойынша шараларды іске асыруды жалғастыруда. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы тамыздағы 9,8%-дан қыркүйектің қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

15:25Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда ел тарихы мен мәдениетіне арналған үстел ойыны жасалды

Қазақстанда оқушылар мен жастардың ел тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру мақсатында «Uly Dala Joly: Ұлы Дала Тарихы» үстел ойыны жасалды. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бөлген шағын грант есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

15:14Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады.

13:02Мемлекет басшысының қызметі

Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігіндегі және Того Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды

12:01Мемлекет басшысының қызметі

Президент Австрия мен Пәкістандағы елшілерді тағайындады

11:58Мемлекет басшысының қызметі

Атырау зауыты 1 000-шы жартылай вагонды жасап шығарды

Атыраудағы вагон жасау зауытында мыңыншы жартылай вагон жасап шығарылды. Айтулы оқиға Машина жасаушылар күніне орайластырылып, вагон өндірістік цехтан салтанатты түрде шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

11:28Жаңалықтар

Алматы облысында жалпы ұзындығы 68,5 шақырым болатын ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы ирригация жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:56Президенттің тапсырмалары

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау жүйесі

АҢДАТПА!

10:24Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазақстанда Мемлекет басшысының республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолын жөндеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. 2026 жылы 4 мың шақырымнан астам автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл соңына дейін 2 мың шақырымнан астам жолда орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау және күрделі жөндеуден өткен 97 шақырым автожолды пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

09:54Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

08:59Президенттің тапсырмалары