Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

14.10.2026

Жарияланымдар · 12

Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

18:21Мемлекет басшысының қызметі

Ақтөбе облысында 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды

Кешен қаланың қалыптасып келе жатқан «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр. Жаңа арена ірі жарыстар, жаттығулар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

17:34Президенттің тапсырмалары

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

2026 жылдың тоғыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасына 1 миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Былтырғы тоғыз айда 978 мың бос жұмыс орны тіркелген болатын. Жалпы, платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

16:23Жаңалықтар

Қарағанды облысының 55-тен астам шебері Астанадағы шығармашылық жәрмеңкеге қатысады

Қарағанды облысынан 55-тен астам қолөнерші, дизайнер мен суретші Астанада өтетін CREATIVE AIMAQ шығармашылық жәрмеңкесінде өз туындыларын ұсынады. Іс-шара 17–18 қазанда QazaqCreative Hub алаңында өтеді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

14:54Президенттің тапсырмалары

Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту

АҢДАТПА!

14:34Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

13:30Мемлекет басшысының қызметі

Жасанды интеллект пен экология салаларында жаңа стандарттар енгізіледі

Қазір елде алты бағыт бойынша ұлттық стандарттарды әзірленіп жатыр. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл өзгерістер қай салаларды қамтитынын атап өтті.

12:00Жаңалықтар

Тауар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі

Елімізде сауда саласында стандарттауды дамытуға ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда ұлттық стандарттар тауар қозғалысының бүкіл тізбегін – сауда инфрақұрылымы мен логистикадан бастап, тұтынушыға өнімді өткізуге дейін қамтиды. Ішкі сауда қағидаларында 10 ұлттық стандартқа сілтемелер бар, оларды заңнамада көзделген жағдайларда, соның ішінде кейіннен өткізу үшін азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде қолдану міндетті болып табылады. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

11:50Жаңалықтар

Қазақстанда 76 мың стандарттау құжаты бар

Елімізде ұлттық стандарттау жүйесінің дамуының маңызды негізі - қалыптасқан инфрақұрылым. Ол өнімдерге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорында 76 мың  құжат бар. Оның ішінде 9 мыңнан астамы - ұлттық стандарт, 27 мыңнан астамы – мемлекетаралық стандарттар, сондай-ақ 37 мыңнан астамы – халықаралық және шетелдік стандарттау. Қазақстан экономикасының барлық негізгі саласы ұлттық стандарттармен қамтылған. Бұны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп жасындағы балалардың арасында тіс жегісінің алдын алу жұмыстарын күшейтуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп жасындағы балалардың арасында аурулардың ерте кезеңде алдын алу шараларын күшейтіп келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 млн бала профилактикалық медициналық қарап-тексерумен қамтылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:36Президенттің тапсырмалары

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:05Президенттің тапсырмалары

Бүгін стандарттау саласының жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

14 қазан күні Қазақстанда Стандарттау жұмыскерлерінің күні атап өтіледі. Бұл сала мамандары тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, олардың қолданысқа енгізілуіне атсалысады.

09:01Жаңалықтар