Күн жаңалықтары
15.10.2026
Жарияланымдар · 12
Astana Media Week 2026 аясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Astana Media Week 2026 медиа апталығы аясында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.
Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуды қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейтуді тапсырды
Алматыда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) жүзеге асыруға екінші деңгейдегі банктердің қатысуын кеңейту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.
Ақылды су есептегіштер: ҚР ӨҚМ өкілдері оларды ауыстыру және төлем жасау тәртібін түсіндірді
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыруға бағытталған бірыңғай Smart Turmys платформасы құрылып жатыр. Оның негізгі мақсаты – салаға қатысушылар арасындағы ақпараттық алшақтықты жою, абоненттер мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы бірыңғай әрі сенімді деректер базасын қалыптастыру, коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу мен төлемдердің ашықтығын арттыру. Сондай-ақ табиғи монополия субъектілері мен бірыңғай есеп айырысу орталықтарының өзара іс-қимылын автоматтандыру көзделген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Мемлекет қазақстандықтардың коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтейді
Қазақстанда халыққа коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй көмегі түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау тетігі қарастырылған. Өңірлік мәслихаттар коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынның отбасы табысындағы шекті үлесін 5%-дан 10-ға дейін белгілейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында шамамен 5 мың шақырым су құбыры желісін 700 млрд теңгеге жаңғырту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 400 млрд теңгеге 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 45 кәріз-тазарту нысанын салу және қайта жаңғыртуға шамамен 800 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды
Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.