Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.10.2026

Жарияланымдар · 14

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.

17:39Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.

16:46Мемлекет басшысының қызметі

Бала күтіміне байланысты жәрдемақылар қалай төленеді – министр түсініктеме берді

Қазақстанда бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әл-ауқат деңгейі ескеріледі. Бұл ретте жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер үй шаруашылығының әл-ауқат санатына қарамастан сақталады. Республикалық бюджеттен қандай отбасылар жәрдемақы ала алатынын және анасы декреттік демалыс аяқталмай жұмысқа ерте шыққан жағдайда төлемдер тәртібі қалай өзгеретінін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында түсіндірді.

16:30Жаңалықтар

6,2 млн отбасының әл-ауқаты Отбасының цифрлық картасы арқылы бағаланады

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері негізінде үй шаруашылықтары туралы мәліметтерді күн сайын жаңартып отырады, ал олардың әл-ауқат деңгейі ай сайын анықталады. Қазіргі уақытта жүйеде 6,2 млн отбасы есепке алынған. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

16:20Жаңалықтар

С, D және Е санатындағы отбасылар жәрдемақы алу құқығын сақтайды

С санатына Қазақстандағы 3,2 млн үй шаруашылығы немесе олардың жалпы санының 52%-ы жатады. Отбасының әр мүшесіне шаққандағы ай сайынғы табыс 203 мыңнан 305 мың теңгеге дейін болады. Негізгі критерийлердің бірі – бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейінің 40 шаршы метрден асуы. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

16:10Жаңалықтар

Еңбек министрлігінде А және В санатындағы отбасылардың портреті жасалды

А санатына ауқатты, оның ішінде ірі бизнес, агрохолдингтер мен жылжымайтын мүлік иелері бар үй шаруашылықтары жатады. Қазақстанда бұл санатқа 329 мың үй шаруашылығы немесе олардың жалпы санының 5%-ы кіреді. Негізгі критерийлерге отбасының әр мүшесіне шаққандағы ай сайынғы табыстың 350 мың теңгеден басталуы және бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейінің 120 шаршы метрден асуы жатады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

16:00Жаңалықтар

Әлеуметтік жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық критерийі енгізіледі

Республикалық бюджет қаржыландыратын 36 түрлі жәрдемақының тек 14 түріне ғана мұқтаждық критерийі енгізіледі. С, D және Е санатындағы отбасылар аталған төлемдерді алу құқығын сақтайды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

15:50Жаңалықтар

Әлеуметтік көмек тағайындауда отбасының әл-ауқаты бағаланады

Мемлекеттік қолдау ең алдымен, өз еркімен қажеттілігін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көрсетілуі керек. Осыған байланысты жәрдемақы тағайындауда отбасының нақты мұқтаждық деңгейі бағаланады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

15:40Жаңалықтар

Қостанай облысында алты су қоймасы реконструкцияланады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қарабалық ауданының тұрғындарымен кездесіп, министрліктің өңірдегі су саласын дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Көктемгі су тасқынына дайындық аясында алты гидротехникалық нысанды реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым болатын су бұру каналының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

14:59Жаңалықтар

Жетісу облысындағы 5 ауыл табиғи газға қосылды

Панфилов ауданындағы Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газды бастапқы қосу рәсімі жүзеге асырылды. Нәтижесінде 302 үйді газбен жабдықтауға мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

14:55Президенттің тапсырмалары

Қазақстандықтарға скринингтер мен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады

Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізілуде. 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады, ал ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:48Президенттің тапсырмалары

Әлеуметтік саясаттағы мақсаттылық қағидаты

АҢДАТПА!

09:49Баспасөз хабарламалары

Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

09:34Президенттің тапсырмалары

Бүгін Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Бұл мереке дастарқанымыздағы нанның артында қаншама адамның қажырлы еңбегі тұрғанын еске салады: диқандар мен агрономдар, ұн тартушылар мен наубайшылар.

09:00Жаңалықтар