Күн жаңалықтары
21.10.2026
Жарияланымдар · 11
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы.
Шикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті
Құны 4 млрд доллар болатын алты инвестициялық жоба, жаңа өндірістік қуаттар және 3,6 млрд долларлық өңделген өнім экспорты. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа моделін қалыптастырып келеді. Бұл модельде экономикалық өсімнің басты көзі шикізат емес, қосылған құны жоғары өнім өндіру болмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үш күнде 10 алтын: Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында тарихи жетістікке жетті
Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Отандық пара спортшылар жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль жеңіп алып, Азия Пара ойындарындағы бұрынғы үздік көрсеткішін жаңартты. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс және 12-сі қола, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстанда алма өндірісі артып, әйгілі «Апорт» сортын қайта түлету жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда отандық бағбандықты дамыту, жеміс-жидек өнімдерін өндіру көлемін арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл ретте алма бақтарының аумағын ұлғайтуға, өнімді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ қазақ бағбандығының мақтанышына айналған әйгілі «Апорт» алмасын қайта түлетуге басымдық берілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шығыс Қазақстан облысында медициналық және жол-көлік нысандарының құрылысына 105,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды басымдықпен дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Ана мен бала орталығының перзентхана ғимаратын реконструкциялау, көпбейінді аурухана салу, Ертіс өзеніндегі көпірден Серікбаев көшесіне өтетін жолды ашу, сондай-ақ Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жол айрығын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттарға 105,7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан жолдарында заманауи бақылау жүйелері енгізілуде
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Кибералаяқтар жәбірленушілерге өз еркімен 617 млн теңге қайтарды
ҚР Ұлттық Банкі Антифрод-орталығының қатысушыларымен өзара іс-қимыл жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстың мақсаты - күмәнді операцияларды мүмкіндігінше жедел анықтау және ұрланған қаражаттың одан әрі кетуіне жол бермеу. Есептік кезеңде 212 мың инцидент қалыптасты, оның 76 мыңнан астамына ішкі істер органдары бастамашылық етті. Нәтижесінде ақша аударушылардың шоттарындағы 4 млрд теңге, ал «дроптардың» шоттарындағы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражат бұғатталды. Жәбірленушілерге өз еркімен 617 млн теңге қайтарылды. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Қазақстанда интернет-алаяқтық 21%-ға азайды
Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастырушылық-практикалық және алдын алу шараларының арқасында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Мәселен, жыл басынан тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 19 мыңнан 15 мыңға дейін, яғни 21%-ға азайды. Қылмыстарды ашу былтырмен салыстырғанда 29%-ға өсті. Ашылмаған қылмыстық істердің саны 12%-ға қысқарды. Байланыс операторларымен бірлесіп алаяқтардың телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндіктеріне жүйелі түрде тосқауыл қойылуда. Бұны ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанда 82 мыңға жуық заңға қайшы интернет-ресурс анықталды
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттің міндеті – қылмыстарды анықтау және ашу ғана емес, сонымен қатар оларды ескерту, алаяқтардың байланыс құралдары мен қаржылық инфрақұрылымға қол жеткізуін тоқтату және ұрланған ақшаны қайтару. Интернет-алаяқтық киберқылмыстың жалпы құрылымында әлі де маңызды орын алады. Сондықтан мұндай қол сұғушылықтарға қарсы тұру ішкі істер органдарының басымдықтарының бірі болып қала береді. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Мемлекеттің қолдауымен 10 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыспен қамтылды
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шараларының көмегімен 10,8 мың адам жұмысқа орналасқан. 2026 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, жұмысқа орналасуға көмек сұрап, мансап орталықтарына 29,5 мың мүгедектігі бар азамат жүгінген. Олардың 18,2 мыңы жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысқан. Нәтижесінде 10,8 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Құлсары қаласында жаңа теміржол вокзалы ашылды
Құлсары қаласында жаңа теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құны 500 млн теңгеден асатын жоба «Исткомтранс» көлік-логистикалық компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.