Күн жаңалықтары
22.10.2026
Жарияланымдар · 5
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы бүкіл ел бойынша 6,9 млн-нан астам адамды біріктірді. Бірлескен күш-жігермен 1,1 млн гектар аумақ тазартылды, 844 мың тонна қалдық жиналып, шығарылды, 1,3 млн астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Туынды кітап оқу мәдениетін дәріптеп, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға бағытталған. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Кітап тың идеялардың қайнар көзі әрі ұрпақтарды жалғайтын рухани құндылық ретінде сипатталады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстан мен China Transinfo Group пилотсыз көлікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойды
Астанада өткен NEW SILK WAY халықаралық көлік форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытайдың China Transinfo Group компаниясы пилотсыз көлік пен көлік саласын цифрландыру бағытында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды
«Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасына қатысқан тәлімгер шеберлердің бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды. Енді кез келген адам қазақтың қолөнерінің ерекшелігімен танысып, тәжірибелі мамандардан тегін үйрене алады. Сабақтар қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын өз бетінше меңгеруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.