Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.10.2026

Жарияланымдар · 15

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен ұлттық мереке – Республика күніне байланысты құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты мерекелік концертке барды.

Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысының қызметі

Нұрлыбек Нәлібаев Астананың медициналық инфрақұрылымын дамыту жобаларымен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Астанадағы  медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты.  Мемлекет басшысы елордадағы демографияны ескеріп, оның қарқынына ілесу үшін медицина инфрақұрылымын дамытуды, медициналық қызметті сапалы, қолжетімді етуді тапсырған болатын, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

Маңғыстау облысында 1969 жылы салынған Маңғыстау станциясының қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

Теміртаудың 4А шағынауданында бүлдіршіндер робототехниканы меңгеріп, сазбалшықтан бұйым жасап, Монтессори әдістемесі бойынша білім алатын жаңа балабақша бой көтеріп жатыр. Мұнда даму ерекшеліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, ойнауына жағдай жасалады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның аясында 320 орындық нысанның таныстырылымы Республика күні қарсаңында металлургтер қаласында өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Жаңалықтар

«Күміс жас» жобасының арқасында 50 жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жоба аясында 10,3 мың адам жұмысқа орналасқан.

Жаңалықтар

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында жаңа қалалық емхана ашылды. Бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған медициналық мекеме 62 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.

Жаңалықтар

2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды

2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласының негізгі капиталына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Осылайша, 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мемлекет басшысының қызметі

Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды.

Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында 377 км жылу желісі жөнделді

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде жылыту маусымының барысына қатысты мәселелер бойынша Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жаңалықтар