Күн жаңалықтары
30.10.2026
Жарияланымдар · 10
Орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді
Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Шығыс Қазақстанда Пихтовка өзені арқылы биік көпір ашылып, 28 шақырым жол жаңартылды
Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы салынған жаңа көпірмен көлік қозғалысы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға бөлінетін қаражат көлемі 214,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 214,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жасанды интеллект Skills Enbek платформасында онлайн курстарды таңдауға көмектеседі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби білім алуға арналған цифрлық қызметтерді жетілдіруді жалғастыруда. Skills Enbek платформасындағы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін чат-боттың мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді ол азаматтарға кәсіби тәжірибесі, бойындағы дағдылары мен мансаптық мақсаттарын ескере отырып, өзіне сай оқу курстарын таңдауға жәрдемдеседі.
Алматыда 250 төсек-орындық онкология орталығының құрылысы басталды
Алматыда жаңа медициналық кешеннің құрылысы басталды. Оның құрамына 250 төсектік онкология орталығы бар көпбейінді аурухана және бір ауысымда 350 адам қабылдауға арналған клиникалық-диагностикалық орталық кіреді. Мұнда мегаполис тұрғындары тексеруден өтіп, онкологиялық ауруларды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанның бес өңірінде «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады
Қазақстанның бес облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және отбасыларға нақты қажеттіліктеріне қарай қолдау көрсетуге бағытталған «Ауылды дамыту командасы» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды.
ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады
Концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.
Отырарда қыш шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі өтті
Түркістан облысында «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғыру» тақырыбында қыш шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары, өңірлерден және шет мемлекеттерден келген қыш шеберлері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады
2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.